Untitled Document

Рамазан сұхбаты ... Қадір түні

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және Құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аяти кәримада: «Қадір түні мың айдан қайырлы» делінді. Құран кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу та’аланың дәргейінде ең қадірлі түн - қадір түні».

«Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу - Құран кәрімді хатм етуден де сауапты. Бұл түні қой сауымындай уақыт намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түнді ғибадатпен өткізгеннен де артық».

«Қадір түнін сеніп және сауабын күтіп ғибадатпен өткізген адамның өткен барлық күнәларын Аллаһу та’ала  кешіреді».

«Ғибадат үшін ең жақсы түн - қадір түні. Ең қорқынышты түн қабірде болатын түн. Ең жақсы түнде ең қорқынышты түн үшін дайындық жасаған адамға сүйіншілер болсын».

Пайғамбарымыз қадір түнінде «Аллаһумма иннәкә афуун кәримун тухиббул афуа фафу анни» дұғасын оқуды айтқан. Мағынасы: «Ей Раббым! Сен әрине кешірімшілсің. Кешірімді жақсы көресің, мені де кешір».

Ата-бабаларымыз «әр келгенді Қыдыр біл, әр түніңді Қадір біл» деген. Рамазанның барлық түнін ғибадатпен өткізсек, қадір түнін бос өткізіп жіберген болмаймыз.

Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін қаза намазды оқу керек, Құран кәрім оқу қажет, дұға және тәубе жасау керек, садақа беріп, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барлық мұсылмандарға бағыштау сауап іс.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031