Untitled Document

Сұхбат... Садақа берудің маңызы

Аллаһ разылығы үшін жасалатын материалдық және рухани көмек, жақсылықтарды садақа деп атайды. Шайтан бергізгісі келмесе де садақа беру керек. Бір аяти кәримада былай делінеді: «Шайтан сендерді (Аллаһ жолындағы қайырымдылықтарыңа) кедей боп қаласың деп қорқытады және (садақа бермеулеріңді) әмір етеді». (Бақара 268)

Садақаның пайдалары туралы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді, көмектесуге бейім болыңдар дұғаларың қабыл болады». (Ибн Мажә)  

«Ауруларыңды садақамен емдеңдер. Садақа барлық ауруды және бәлені қайтарады». (Байхаки)

«Ілімділер ілімінен, мал-мүлкі барлар мүлкінен садақа берсін». (Ибн Сүнни)

«Жақсылық өмірді ұзартады, садақа күнәларды кетіреді және жаман өлімнен қорғайды». (Табарани)

«Садақа берген адамның ризығы көбейеді және дұғасы қабыл болады!» (Ибн Мажә)

«Садақа берілуіне кедергі болған адамға лағынет болсын». (Исфахани)

«Садақа қабір азабынан қорғап, Қияметте өз қамқорлығына алады». (Бәйһақи)

«Садақамен қиыншылықтардың алдын алыңдар». (Дәйләми)

«Судың отты сөндіргеніндей садақа да күнәларды жояды». (Тирмизи)

«Уаллаһи садақа берумен мал азаймайды. Олай болса садақа беріңдер!» (И. Ахмед)

«Садақа 70 түрлі бәленің алдын алады. Бұлардың ең жеңілі алапес ауруы». (Хатиб) 

«Сауабын мұсылман әке-шешесіне бағыштап берілген садақаның сауабы оларға да барады, өз сауабынан да ешнәрсе азаймайды». (Табарани)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031