Әдеп-ахлақ... Рұқсат сұрау
Біреудің үйіне, бөлмесіне, ауласына кірер кезде рұқсат сұрау уәжіп болып табылады. Есікті қағып, қоңырауды басып немесе дауыстап рұқсат сұрамастан ішке кірмеу керек. Ата-ананың, бала-шағаның бөлмесіне кірерде де рұқсат сұрап кіру керек.
Үш рет рұқсат сұралады. Біріншісінде жауап келмесе бір минуттай күтіп, екінші рет тағы жауап берілмесе тағы күтіп, үшінші рет те жауап келмесе төрт рәкат намаз оқитындай уақыт күтіп, кейін кету керек. Есік ашылса іздеген адамды сұрамастан бұрын өзін таныстыру керек. Есік ашылғанда ішке кіруіне разы болатыны белгілі адамның үйіне рұқсат сұрамай кіруге болады. Телефон шалғанда да алдымен өзін таныстыру қажет.
Сұхбат...Бұл үмметтің үстемдіктері
- Аллаһу та’ала бұл үмметке жалпыға бірдей жұт-бәле жібермейді.
- Рамазан айы және Қадір түні осы үмметке берілді.
- Бұл үммет дұшпан тарапынан, бәрі бірден жойылып кетпейді.
- Сәрелік ас тек қана осы үмметке берілді.
- Әр пайғамбар үмметі үшін бір дұға еткен және қабыл болған. Пайғамбарымыз бұл дұғасын үмметіне шапағат үшін ахиретке қалдырған.
- Әр жүз жылда бір мүжәддид келеді.
- Мұсылмандардың дәрет алған мүшелері ахиретте нұрлы болады.
- Жәннатқа алғашқы болып осы үммет кіреді.
- Жәннаттықтардың басым бөлігі осы үмметтен болады.
- Жәннатқа ең бірінші біздің пайғамбарымыз кіреді.
- Бұл үммет қателікте ешқашан ауызбірлігіне бармайды.