Untitled Document

Ғибрат... Пайғамбарымыздың насихаты

   Бір кісі пайғамбарымызға келіп:

- Йа, Расулаллаһ! Маған насихат айтыңызшы,- деп өтінеді. Пайғамбарымыз:

- Қайда болсаң да Аллаһтан қорық!- деп жауап береді.

- Тағы айтыңызшы йа, Расулаллаһ!

- Әр жамандық жасағаныңда артынша жақсылық жаса! Жақсылықтар күнәларды жояды!

- Тағы айтасыз ба?

- Адамдармен жақсы қарым-қатынаста бол! (Тирмизи)

Сұхбат... Перзентке жақсы есім қою керек

Нәресте дүниеге келген кезде, оған әдемі есім қою керек. Пайғамбарымыз туылған балаларға жақсы есім қойылуы керектігін әмір еткен. Өзі де жаман аттарды өзгертетін еді. Бір хадис шәрифте пайғамбарымыз былай деген: «Жаман есімі болғандар жақсы есім тауып, ауыстырсын!» Өйткені ахиретте әркім өз есімімен шақырылады. Тас, құз сияқты мағынасыз немесе кәпір есімдерін қоймау керек. Балаға қойылатын есімдер арасында ең ұнамды болғандары Абдуллаһ, кейін Абдуррахман, кейін Мұхаммед, кейін Ахмет, одан кейін Ибраһим.

Мұсылманға жаман есім тағу немесе біреудің таққан жаман есімімен атау дұрыс емес.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031