Untitled Document

Сұхбат... Ғибадаттардың пайдаларын ойлау (1)

Ислам діні білдірген үкімдердің ахиреттегі пайдаларымен қоса дүниедегі пайдаларын, қоғамдағы жақсылықтарын да ойлауға тыйым салынбаған. Бұл пайдаларын заманның жаңа технологияларымен анықтап түсіндіру дін адамдарының міндеттері. 

Дініміз білдірген үкімдердің дүниедегі пайдалары мен жақсылықтарын мұсылмандардың білуі пайдалы болса да, бұл жағдай тек білумен ғана шектелуі тиіс. Және ғибадаттарды дүниелік пайдалар үстіне негіздеу дәрежесіне келмеуі керек. Болмаса ғибадаттар бұзылады. 

Күнделікті өмірімізде, қолдарымыздың тимеген жері, жинамаған микробы қалмайды. Дәрет алғанда қол, бет және аяқтарды жуу, тері аурулары мен қабынулары үшін ең жақсы қорғаныс. Микробтар, паразит бактериялардың кейбіреулері денеге тері арқылы кіреді.

Дәрет және ғұсыл алғанда тыныс алу жүйесінің сүзгіш қызметін атқаратын мұрынды жуу арқылы шаң және микроп үйінділерінің денеге кіруін алдын алған боламыз.

Дәретте беттің жуылуы теріні қуаттандырады, бастағы ауырлық пен шаршау сезімін жеңілдетеді. Тамырлар мен жүйкені әрекеттендіреді. Тұрақты түрде дәрет алып жүрген адамның, қартайған болса да жүзінің көркемдігінің жоғалмауы осы себептен.

Жүніптікке себеп болатын жағдайларда көп қуат жұмсалады, жүрек пен қан айналымының жылдамдығы артады, тыныс алу жиілейді. Дененің шамадан тыс жұмыс істеуінің салдарынан шаршау, әлсіреу, бойкүйездік және солғындық сезіліп, жалпы ақыл-ой әрекеттері бәсеңдейді. Ғұсыл алу арқылы дене бұрынғы сергектігін қалпына келтіреді. Денені белгілі мерзім аралығында тұрақты жуып тұру, профилактика тұрғысынан да ерекше маңызды.

Қалыпты жағдайда денемізде статикалық энергия теңдігі бар. Деннің саулығы осы энергия теңдігімен тікелей байланысты. Бұл теңдік психологиялық күйзелістер, климат шарттары, киім түрлері, тұрғылықты мекен мен жұмыс орындарындағы және осы арада ғұсылды қажет ететін жағдайларда бұзылады. Бұл электрлік жүк, адам ашуланғанда қалыпты мөлшерінен төрт есе, ғұсыл алуды қажет ететін жағдайларда он екі есе артуда. Дәрет және ғұсыл алынғанда осы энергия теңдігі қалпына келеді. (Жалғасы ертең...)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031