Дұға... Мал-жанды бәледен қорғайтын дұға
Имам Раббани хазреттері шәкірттерімен сапарға шыққан еді. Қараңғы ауғанда бір керуен сарайға тоқтайды. Бір кезде шәкірттерін жинап: «Бұл түні бір пәлекет болады. “Бисмиллаһилләзи ла-йадурру ма-асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәмиулалим” дұғасын оқыңдар. Басқаларға да айтыңдар. Кім бұл дұғаны оқыса Аллаһу та’аланың рұқсатымен өзі де, мал-мүлкі де қорғалады.» дейді. Түнде өрт шығады. Бұл хабарды естімеген бөлмелердегі кісілердің заттарының барлығы жанып кетеді. Дұғаны оқығандарға ешнәрсе болмайды. (Умдәт-ул-Ислам)
Дерт, пәлекет, фитна, ауру, көз тиюі, сиқыр және залымдардың жамандығынан қорғану үшін таңертең-кешке Имам Раббани хазреттері білдіргенін ойлап осы дұғаны 3 реттен оқу керек. Хадис шәрифте былай делінген:
«"Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма'асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәми'ул-алим" дұғасын таңертең 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқыған адамға таңертеңге дейін ешқандай бәле-жала келмейді». (Ибн Мажа)
Күннің тарихы... Бірінші Дүниежүзілік Соғыс
Бірінші Дүниежүзілік соғыс (28 шілде 1914 – 11 қараша 1918) адамзат тарихындағы ең кең ауқымды соғыстардың бірі. Соғыс нәтижесінде төрт империя – Осман империясы, Ресей империясы, Аустрия-Венгрия империясы және Германия империясы жойылды. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа Еуропа құрлығынан бастап, дүниенің бес құрлығынан көптеген мемлекеттер қатысқан және материалдық зардаптармен қоса 12 миллионға жуық адам өліп, 55 миллионға жуығы жараланған.