Бала тәрбиесі... Ұрпақ тәрбиесі – еліміздің болашағы
Баланы жас кезінен бастап оқуға, білім-танымға баулу керек. Ертегі, аңыз-әңгімелер, жыр-өлеңдер тыңдап, оқып өскен баланың ой-өрісі, зеректігі, тіл байлығы дамып, зейіні шыңдалып өсері сөзсіз. Сондықтан ата-аналар, бүгініміздің ертеңі болған жас-өспірімдерімізге ғибратты әңгімелер, аңыз-ертегілер айтып, жақсы тәлім-тәрбие беріп, балаға көңіл бөлу керектігін ұмытпағайсыздар.
Бұл орайда сізге көмекші бола алатын, редакциямыздың қаламынан шығып жатқан «Балалар әлемі» журналын кеңес береміз. Балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ғылымның қызықты жағдайынан сыр шертетін, бүлдіршіндер мен жас жеткіншектерді имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, отаншылдық рухқа тәрбиелейтін «Балалар әлемі» журналы 2013 жылдан бастап жарыққа шығып келеді. Әріп таныған жастан бастап мектеп оқушыларына арналған және 64 беттен тұратын Республикалық журнал.
Журналдың кезекті сандарында қазақ халқының тарихына қатысты шешендік өнер мен даналық сөздер, балалардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытатын ертегілер, ғибратты оқиғалар, өлең-тақпақтар, ғылым, жануарлар әлемі, денсаулық, спорт, жеміс-жидек, жаңа технология, сурет салу және қолөнер жұмыстары, дүние жүзіне саяхат, қонақтармен сұхбат, әзілдер мен сөзжұмбақтар т.б. қызықты мағлұматтар жарияланады. Сондай-ақ балалар да өздерінің авторлық өлең, мақала, салған суреттері мен фотосын жариялап, көпшілікпен бөлісе алады.
Отбасымыздың, отанымыздың болашағы балаларымыздың біліміне үлес қосуға бәріміз бірге ат салысайық. Журналға жазылайық. Қазпошта арқылы еліміздің бүкіл аймақтарында жазылу мүмкіндігі бар, жазылу индексі: 74722
Ақпараттық сайтымыз: http://www.balalaralemi.kz
Мекен жайымыз: Алматы қаласы, Мамыр 4, 138 үй. Пошта индексі: 050029
Байланыс телефонымыз: 8(727)293-75-72, 8(727)293-55-98.