Сұхбат... Салих (жақсы) адам болу үшін (2)
– Молшылық, рахаттық және қайғы-қасіретсіз кезде дұға ету, қиындық, тапшылық, бақытсыздық келген кезде дұға етуден үстем. Хадис шәрифте былай делінген: «Жақсылықтар жамандықтарды кетіреді. Раббысын рахаттық және молшылық кезінде зікір еткен (еске алған) адамды Аллаһу та’ала қиындық кезде құтқарады.» (Әбу Нуайм)
– Өлімді еске алу өте жақсы. Хадис шәрифте: «Өлімді көп еске алу адамды дүниеден алыстатып, күнәлардан тыйылдырады» делінген. (Ибн Лал)
– Аллаһтан қорқып күнәлардан сақтану керек, ғибадаттарды орындауға тырысу керек! Хадис шәрифте былай делінген: «Аллаһқа сенген адам құтылады. Оны таныған адам Одан қорқады. Қорыққан адам амандықта болады. Оны жақсы көрген ұялады. Берген ризығына разы болған адамның көзі тоқ болады, тәуәккүл еткенге де жеткілікті болады.» (Рамуз)
– Адамдарға қызмет ету, көмектесу өте үлкен сауап. Хадис шәрифте: «Мұсылманның бір ісіне көмектескен адам қажылық пен умра орындағандай сауапқа қауышады» делінген. (Хатиб)
– Адамдардың жақсы және жаман мінездері көп. Пайғамбарымыз бірнешеуін былай білдірген:
«Адамның ең жаманы – жалғыз тамақтанады, ешкімді құрметтемейді, қызметшісін ұрады. Бұдан да жаманы – адамдарды жек көреді және олар да оны жек көреді. Одан да жаманы – зиянынан қорқылған және жақсылық күтілмейтін адам. Бұлардан да жаманы – дүние үшін ахиретін сатқан, дінін жеген(дінін дүниелік пайда үшін құрал қылған) адам.» (Ибн Асакир)
«Ең жаман адам – айқайлап сөйлейтін, балағаттап сөйлеуге дағдыланған және көп сөйлейтін адам. Ең жақсы адам – мінез-хұлқы ең жақсы болған адам.»(Бәйһақи)
– Қарыз немесе сыйлық беріп, немесе бір жәрдем беріп адамдарды қуанту үлкен сауап. Хадис шәрифте: «Парыздардың орындалуынан кейінгі Аллаһу та’аланың ең қатты жақсы көрген ісі – мүминді қуанту» делінген. (Табарани)
Осы насихаттарға ерген адам дүние мен ахиретте бақытты болады. Кімге діннің әмірлерін орындау оңай келсе, оның салих (жақсы) адам екені мәлім болады.