Untitled Document

Ғибрат... Адамдар көрсін деп орындадым

Мансұр бин Аммар хазреттері өзі куә болған бір оқиғаны былай риуаят етеді: «Намаздарын оқитын, тіпті тәһәжжүд намазына тұратын, көзіне жас алып дұға қылатын бір танысым бар еді. Біраздан бері оны көрмеген соң сұрастырсам науқастанып қалған екен. Көңілін сұрап, үйіне барғанымда ауыр халде төсек тартып жатқан екен. Еріндері ісіп, жүзі бозарып кеткен еді. Оған: «“Лә илаһа иллаллаһ” де, кәлиманы тіліңнен тастама»,-дедім. Ол мұңлы жүзбен маған бір қарады да қайта көзін жұмды. Мен оған: «Иманмен жан тапсыру үшін “Лә илаһа иллаллаһ” деп айт»,- дедім. Ол көздерін ашып: «Ей, Мансұр, Бұл кәлиманы айтуға маған тосқауыл қойылды»,- дегенде “Лә хаулә уә лә қуата илла биллаһил алийил азыйм”- дедім. Кейін оған: «Ей, досым, сен намаз оқып, оразаңды, ұстап, түндері тәһәжжүд намазына тұрып жүрген едің ғой?»- деп сұрағанымда: «Иә, бұларды орындайтынмын, бірақ Аллаһ үшін емес, мені адамдар көрсін, адамдар мақтасын деп орындайтынмын. Жалғыз қалған кезімде арақ ішіп, әртүрлі күнә істейтінмін. Осылай жүргенімде ауруға шалдықтым. Раббыма егер шипа нәсіп етсе, бұдан былай күнә істемеймін, ғибадаттарымды Аллаһ разылығы үшін орындаймын деп сөз беріп, өкініп, тәубе еттім. Бірақ жазылғанда қайтадан баяғы әдетіме бастым. Осы жағдай бірнеше рет қайталанды. Алайда мен аурудан әр айыққанда қайтадан жаман әдетіме салындым. Енді көріп тұрғаныңдай осындай жағдайдамын, маған ендігі тәубемнің қабыл болмайтындығы білдірілді»,- деді. Естігендерімнен зәрем ұшып, ақ тер-көк тер ішінде ол жерден шығып кеттім. Біраздан кейін оның өлгендігін естідім».




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031