Untitled Document

Сұхбат... Жетімнің ақысы

Адамдардың арасында көмекке ең мұқтаж болғандар, туыла салып жалғыз және мұқтаж болып қалған жетім балалар. Оларға қамқор болу, қажеттіліктерін орындау, мұсылмандардың негізгі міндеттерінен бірі болып табылады. Мұндай жетім қалған балалар, Аллаһу та’аланың бүкіл құлдарына аманат. Жақын туыстарынан бастап бүкіл мұсылмандарға бұл аманатты қорғау, міндет ретінде жүктелген. Бұл міндетті орындағандар, Аллаһу та’аланың және Оның сүйікті пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламның разылығына қауышады.

Сүйікті пайғамбарымыз: «Жетімдерге көмектесіп, оларға қамқор болған адам, мейлі ол туыстарынан болсын немесе бөтен біреу болсын, менімен ол жәннатта мына екі саусақтай жақын боламыз» деген. Мұны айтқанда пайғамбарымыз ортаңғы саусағы мен сұқ саусағының арасын біраз ашып көрсеткен еді. 

Сахабалар исламның әмірлеріне мойынсұнып, жетімдерге қамқор болатын. Олардың қажеттілігін қаматамасыз етуді өздеріне міндет етіп алған еді. Хазреті Омардың ұлы, ешқашан жетімсіз тамақ жемейтін. Сапарға шықса да бір жетімді тауып алып, сонымен бірге тамақтанатын. 

Хазреті Омар «радиаллаһу анһ» бір күні базарға шығады. Жас бір әйел жанына келіп: 

- Ей мүминдердің әмірі! Күйеуім қайтыс болып, жас балаларын жетім қалдырып кетті. Олар өздері күнін көре алмайды. Айналысатын егіндері де, малдары да жоқ. Олардың аштан өлуінен қорқамын. Мен Хузайфа бин әл-Ғифаридің қызымын. Әкем Худайбияда сүйікті пайғамбарымызбен бірге болған,- дейді. Сонда хазреті Омар:

- Бұл неткен ұлы абырой! - дейді. Үйінде байлаулы тұрған семіртілген түйенің жанына барып, киім мен жейтін нәрселерге толы екі қапты түйеге артады. Түйенің тізгінін оған беріп:

- Міне мынаны үйіңе алып бар. Біткеннен кейін Аллаһ одан да қыйырлысын береді,- дейді.

 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031