Күннің тарихы... Мәулана Жалалиддин Руми
Хазреті Мәулана Жалалиддин Руми Аллаһу та’аланың әулиелерінің ұлыларынан. 1207 жылы Бәлх қаласында туылып, 1273 жылы 17 желтоқсанда Конья қаласында қайтыс болған. Тегі әкесі тарапынан хазреті Әбу Бәкірден, анасы тарапынан Ибраһим бин Әдхем хазреттерінен келеді. Әкесі Бахауддин Уәләд кемел ғалым және әулие еді. Жас кезінде әкесінен тәлім алып, оның көңіліндегі фәйздарға (нұрларға) қауышады. Әкесімен Хижазға, кейін Шамға, ал ол жерден Коньяға келеді. Алдымен әкесінің халифасы сәйид Бурханеддин Тирмузиден 9 жыл фәйз алды. Тасаууфта үлкен мақамдарға қауышты. Кейін оны Шәмседдин Тәбризи жетілтіреді. Жалалиддин Руми дүмбелек пен ней (сырнай) тартпаған, айналып билемеген. Мұндай нәрселерді кейіннен 15 ғасырларда сауатсыздар ойлап шығарған. Диуанында 30 мың, Мәснәуиінде 47 мың шумақ бар. Мәснәуиін дұшпандардың өзгерте алмайтындай түрде ақындық шеберлікпен жазған.
Асхана... Пирог
Қажетті заттар: 4 жұмыртқа, 1 стакан қант, 250 гр майонез, 1,5 стакан ұн, 1 пачка разрихлитель.
Дайындау әдісі: Осы заттардың барлығын араластырып, қамырын дайындаймыз. Пеш табасына май жағып, қамырды бір тегіс етіп саламыз. 200 градуста шамамен 15-20 мин пісіреміз. Осымен пирогыңыз дайын!
Қосымша мәлімет: Пирогтың бетіне "вареная сгущенка" жағып, оның бетіне какос стружкасын сеуіп те әрлеуге болады. Сондай-ақ дәл осы пирогты какао қосып та дайындауға болады. Ас болсын!