Сұхбат... Кедейліктен құтылу үшін
Дініміз еңбек етіп табыс табуды әмір еткен. Хазреті Омар: «Еңбек етіңдер, табыс табыңдар, Аллаһу та’ала ризығымды жұмыс істемесем де жібереді, демеңдер! Аллаһу та’ала аспаннан ақша жаудырмайды»,- деген. Хазреті Лұқман Хаким: «Жұмыс істе, ақша тап! Жұмыс істемей әркімге мұқтаж болып жүрген адамның діні мен ақылы нұқсан болады»,- деген.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Үйге кірерде Ихлас сүресін оқыған адам кедейшілік көрмейді».
«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууата илла биллаһил алиил азыйм” десе Аллаһу та’ала ісін оңайлатады».
«Күнде жүз рет “Лә хаула уә лә қууата илла биллаһ” деген адам кедейшілік көрмейді».
«Мына дұғаны оқыған адам кедейліктен құтылады» деген сөз, ол дұға қабыл болған жағдайда оған бір жұмыстың есігі ашылады немесе күтпеген жерден ризықтарға қауышады деген сөз. Ал ауруы үшін дұға еткен адам шипаға себеп болатын дәріге немесе басқа бір себептермен сауығып кетеді. Жұмыс істеу рызықты көбейтпейді. Ризықты беретін Аллаһу та’ала. Жұмыс істеу – ризықтың себебін орындау, себебіне жабысу деген сөз. Себепке жабысу сүннет.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Өмірім ұзақ болсын, ризығым мол болсын дегендер туыстарын зиярат етсін!»
«Таңғы ұйқы ризықтарға кедергі болады».
«Қажеттіліктерін адамдарға айта беретіндер мұқтаждықтан құтыла алмайды. Ал Аллаһу та’алаға айтатындар құтылады».
«Ризыққа қауышқан кісі көп шүкір етсін! Ризығы азайса, истиғфар айтсын!»
Шүкір “Әлхамдулиллаһ”, истиғфар “Әстағфируллаһ” деген сөз. Истиғфар ету дегеніміз күнәлардың кешірілуіне себеп болатын жақсылықтар жасау дегенді білдіреді.