Untitled Document

Отбасы... Бала тәрбиесі

Балаларды халал тамақпен бағу керек және олардың да үлкейгенде халалдан табыс табуы үшін кішкентай кезінен бастап үйрету керек. Бір ата-ананың балаларына қалдыратын ең үлкен мирасы оларды оқыту және қажеттілігін халалдан табатын бір мамандыққа үйрету.

Балиғат жасына келгенде үйлену жауапкершілігін көтере алатындай болса үйлендіру керек. Егер үйлендірмей бала жаман жолға түссе, оның күнәсына әке-шешесі де ортақ болады. Бала Аллаһтың аманаты. Пайғамбарымыз былай деп бұйырған:

«Туылған бүкіл балалар Ислам дініне бейім болып туылады. Кейіннен әке-шешесі оны христиан, яһуди немесе басқа дінге кіргізеді.»

Олай болса Аллаһтың аманаты болған бұл балалардың осы бейімділігін бұзбай, осы бейімділігімен тәрбиелеп, аманатты бұзылмаған күйінде қайтару керек. Керекті болған бүкіл ілімдерді, әдептілікті және ғибадаттарды оған үйрету керек. Әке-шешенің өздері де балаға жүріс-тұрысымен үлгі болуы тиіс. Пайғамбарымыз былай бұйырған:

«Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер және барлығың қол астыларыңдағы адамдардың есебін бересіңдер!»

Яғни бір малшы өзіне тапсырған малдардан қалай жауапкер болатын болса, билеуші де басқарып отырған халқына жауапкер болады, әке-шеше бағып отырған бала-шағасынан, ұста шығарған өнімдеріне жауапкер, мұғалім де оқушыларынан жауапкер болады. Бұлар марапатқа, жазаға немесе азапқа лайықты болады.

Діни сауатсыздардың жастарды алдау үшін қаншама жаман айып тағып, ойдан құрастырып, өтірік жала жауып жүргендіктерін әрбір мұсылман, тіпті әрбір адам білуі керек. Бұл өтіріктерге алданып, пәлекетке түспеу үшін Исламның үстемдікке, ғылымға, мәдениеттілікке, салауатты өмірге қызмет ететінін, еңбек етуді, алға ұмтылуды әмір ететінін түсіну керек және басқаларға да үйрету керек.

Бұл надандар Исламға білім жағынан, денсаулық жағынан, тазалық, адамгершілік тұрғыдан ешбір тисетін нәрсе таппаған соң, өтірік құрастырып жала жабу арқылы арамдықтарын іске асыруда. Сондықтан дінімізді Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан үйрену арқылы дүниеде де және ахыретте де пәлекеттен құтылуымыз керек. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031