Әдеп-ахлақ ... Өмірдің кішкентай сырлары
- Көп-көп күлімде! Күлімдегенге шығын кетпейді, бірақ құн жетпес жетістіктерге жол ашады.
- Батыл бол! Болмасаң да солай көрін.
- Адамдарды аттарымен ата.
- Майда-шүйдеге (болмашыға) алаңдай берме!
- Алғашқы әсерлерге сенбе!
- Досыңа қарыз бергенде абай бол! Екеуін де жоғалтып алуың мүмкін!
- Жоғалтатын ешнәрсесі қалмағандардан ұзақ бол!
- Ешкіммен араңды үзбе!
- Үлкен сөз бер бірақ орындаусыз қалдырма!
- Өмірдің әрдайым әділ болуын күтпе!
- Шешім шығармай тұрып екі тарапты да тыңдап ал!
- Тартымды, ұнамды бол! Ешкіммен араңды суытпа!
- Саған көмегін бергендерге алғысыңды білдір!
- Басшыларды дұрыс тағайында!
- Уақытты және сөздеріңді мұқият қолдан! Қайта келмейді!
- Әдемі киін! Адамдар киімге қарап қарсы алады!
- Кең бол! Шүкір ет!
- Берген насихаттарыңа қайшы әрекеттерден сақ бол!
- Бастаған әрбір ісіңді бітір!
- Ешкімнің сөзін бөлме!
- Қонаққа келгендерді тұрып күтіп ал!
- Аз танитын адаммен кезіккенде қолыңды созып атыңды айт. Ол сені танымай тұруы мүмкін!
- Телефонды сенімді дауыспен көтер!
- Өлмей тұрып өзіңе мазараттан жер сатып алып жиі-жиі барып тұр!
- “Қап” деудің орнына “келесі жолы” деп айтуды сынап көр!
- Үнемі “мен дұрыспын” дейтін адамнан күмәндан!
- Жұмыс бітпей тұрып толық ақшасын өтеме!
- Сені құшақтағанда бірінші болып ол қолын жіберуін күт!
- Қарның аш кезде азық-түлік сатып алуға барма!
- Өлімнен басқа ешнәрсе көрінгеніндей маңызды емес!
- Ең терең сезімдік қажеттілік – марапатталу сезімі.
- Бір жұмыс таппай тұрып жұмыстан шықпа!
- Тыңдай біл! Кейбір мүмкіндіктер есікті ақырын қағады!
- Кең пікірле, бірақ майда нәрселерден де нәр алуды ұмытпа!