Untitled Document

Денсаулық... Қыс мезгілінде адамға қажетті дәрумендер

Қыс мезгілінде күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың аздығы түрлі вирустарды жұқтырып ауруға душар қылады. Иә, расымен, қыс пен күзде адам ағзасы көптеген дәрумендерді қажет етеді. Алайда арнайы маманның тағайындауынсыз кез келгенін қабылдай беруге болмайды. Алдымен сараптама арқылы ағзадағы деңгейін тексеру керек. Сонымен қатар бізге дәрумендердің көп мөлшері бар тағамдар тізімін біліп жүрген артық етпейді.

С дәрумені. Иммунитетіміздегі негізгі дәрумендердің бірі. Ол теріні нәрлендіріп, сүйектер мен тістерді сау қалпында ұстайды, жараларды емдейді. Қызанақ, қырыққабат, көкшөп түрлері мен болгар бұрышында С дәрумені жеткілікті мөлшерде бар.

Е дәрумені. Бұл дәрумен қыс мезгілінде теріні және шашты ылғалдандыруға керек. Қыста бас терісі құрғап, шаш түскіш болады. Осы орайда Е дәрумені ылғал тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Жержаңғақ, брокколи, күнбағыс дәндері және кешью жаңғағы Е дәруменіне өте бай.

Темір. Темір иммунитетті көтеру үшін өте маңызды, сондай-ақ, ол бізге сергек жүруге көмектеседі. Ал нақтырақ айтсақ, темір бүкіл ағзаны азықтандырып, бүкіл денеге оттегін жеткізеді. Темірді өз деңгейінде ұстап тұру үшін ет, үрмебұршақ, қошқыл жапырақты көкөністер, құс етін және теңіз өнімдерін жеу керек.

Мырыш. Дәруменнің бұл түрі антиоксидант рөлін атқарады, тіндерді қалпына келтіреді, гормондарды теңестіреді, сау иммунитетті қалыптастырып, ас қорытуды жақсартады. Мырыш шпинатта, сиыр етінде, үрмебұршақта, теңіз өнімдерінде, асқабақ тұқымдастарында және жаңғақтарда көп болады.

Жалғасы ертең...




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031