Untitled Document

Жалғасы

D дәрумені. Бұл дәруменді алу үшін жарты сағат күн астында өткізсе жетеді. Ал күз бен қыста бәріміз іс жүзінде «күн» дәруменін қажет етеміз. Сонымен бірге ол бізге маңызды минералды заттарды сіңіруге, метоболизмді реттеуге көмектесіп, жасушалардың дұрыс дамуына ықпал етеді және иммундық жүйені реттейді. Қыс мезгілінде оны керек мөлшерде алу үшін май, сүт, жұмыртқа, саңырауқұлақ, бауыр майы мен майлы балық жеген жөн.

Фолий қышқылы. Бұл көбіне жүкті әйелдерге тағайындалады, өйткені оның жетіспеушілігі ұрық дамуының тежелуіне әкелуі мүмкін. Алайда жүкті әйелден бөлек, кез келген адам үшін бұл элемент өте қажет. Фолий қышқылы көңіл-күйді реттеуге көмектеседі, әсіресе қыстағы көңілсіздік кезінде маңызды. Сонымен қатар, ол жүрек ауруы, қант диабеті және онкологиялық аурулардың қаупін азайтуға көмектеседі. Фолий бұршақ, үрмебұршақ, жасымық, авокадо, жаңғақтар мен брокколиде көп.

А дәрумені. Бұл маңызды дәрумен де антиоксидант қызметін атқарып, сүйектерді, тістерді және жұмсақ тіндерді сау қалпында сақтайды. Оған қоса дененің табиғи қорғанысын қолдау арқылы сау иммундық жүйені қалыптастырады. А дәруменін шпинаттан, сәбізден, өріктен және тәтті картоптан алуымызға болады.

Егер дәрумендер бір-бірімен дұрыс үйлеспейтін болса, онда олар едәуір нашар сіңеді. Оларды таңертең немесе күндізгі уақытта сумен ішкен дұрыс. Алайда қантты газдалған, энергетикалық сусындармен, шаймен, әсіресе кофемен ішуге болмайды. Сондай-ақ тамақтанған соң жарты сағаттан кейін қабылдау өте тиімді.

Түрлі деңгейдегі депрессияға, мазасыздыққа ұшыраған және көңіл-күйі бірқалыпты емес адамдар алдымен дәрігермен кеңесіп, қандай дәрумендердің жетіспейтінін анықтайтын анализ тапсыру керек. Ал басқа жағдайларда әрдайым оларды қабылдап жүру иммунитетті нығайтып, денсаулықты сақтайды.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031