Тарихи мәлімет Түрік қағанатындағы сот жүйесі және жаза
Түрік қағанатының жоғарғы мемлекеттік соты «Жарғы» деп аталады. Деректерге көз жүгіртсек, түріктерде заң шығарушы орган болғандығын байқауға болады. Жарғылардың басты міндеті – төре мен дәстүрлі құқықтарды жүзеге асыру еді. Түрік қағанатында әйгілі Тоныкөк сот басшысы болған.
Келтірілген деректер бойынша, Түрік қағанатының негізгі жаза үкімдері төмендегідей еді:
- отанын сатқандар және әскерден қашқандар өлім жазасына кесіледі.
- зинақорлық жасаған жұбайларға – өлім жазасы,
- адам өлтіргендерге – өлім жазасы,
- ұрлық жасағандар мен жылқы ұрлағандарға – өлім жазасы,
- жас қызды зорлаған адам – мүліктің жаза ақысын өтеп, міндетті түрде сол қызға үйленуі тиіс,
- адамды жарақаттағандар жараның ауырлығына қарай мүліктің жаза ақысын өтейді,
- жылқы мен мал ұрлағандар шығынды 10 есе көп мөлшерде өтеуге міндетті,
- басқа жеңіл бұзақылықтар 10 күн ішінде жазаландырылады.
Жазалар барлық адамдарға бірдей қолданылатын болған.
Мінез-құлық..............Қызғаншақтық
Қызғаныш – қызғану, көре алмау деген сөз. Аллаһу Тағаланың біреуге берген нығметтерінің ол адамнан кеткенін қалау.
Адам өзінде қызғаныш сезімінің бар екеніне қынжылмаса немесе өз қалауымен қызғанатын болса күнә, харам болады. Мұны сөзімен, әрекетімен білдірсе, одан да үлкен күнә болады. Ол ғибадаттың сауабын да жояды. Адам біреуде бар нығметтердің одан кеткенін қаламай, өзінде де болғанын қаласа, бұл қызғаныш емес, әуестену болады. Бұл жақсы нәрсе. Дұрыс адамға әуестену уәжіп.
Қызғанған адам босқа ренжіген, шаршаған және күнә істеген адам болып саналады.