Untitled Document

Бала тәрбиесі... Балаға смартфон ұстатпаудың 10 себебі (1)

Жаңа технологиялар біздің өмірімізді жеңілдеткені, еңбек өнімділігін арттырғаны шындық. Дегенмен, ата-ана ретінде смартфон, планшет сияқты құрылғылардың балаңызға тигізетін кері әсерін білуіңіз керек. Бүгінде кез-келген баланың қолында мобильді құрылғының жүруі қалыпты жағдайға айналып барады. Бұл мақтанарлық та, қуанарлық та жағдай емес. Себебі смартфонның кері әсері балалардың дамуын тежейтінін ғалымдар дәлелдеуде.

1) Баланың қолында смартфонның болуы қаншалықты қажет болса да, ол ата-ана мен бала арасындағы байланысты бұзады. Санасы енді жетіліп келе жатқан балаға табиғи тығыз қарым-қатынас ауадай қажет. Баламен табиғатта жиі серуендеу, үйде көп әңгімелесу арқылы ғана байланыс жасалу керек. Сізбен емес смартфонмен сырласатын бала өсіруді мақсат тұтпасаңыз, қолына смартфон ұстатудың алдында ойланыңыз.

2) Смартфон – баланың шығармашылық, оның ішінде креативты ойлауын тежейді. Смартфондағы түрлі ойындар мен бағдарламаларды қолдануға мүмкіндік алған баланың шығармашылық ойлау процессі тоқтай бастайды. Баланың іс-әрекеті баяулайды.

3) Бала ұйқысының бұзылуына себеп болады. Ғалымдардың зерттеуінше, смартфон жатын бөлмеде болған жағдайда ұйқысының қабынуына, ұйқыға кеш жатуы мен шаршаңқы болуына бірден-бір себеп болады. Баланың уақытылы ұйықтап, келесі күнге миын тынықтыруы оның өсуіне маңызды екенін есіңізден шығармаңыз.

4) Смартфон баланың оқуға деген қабілетін төмендетеді. Баланың білімге деген құштарлығының төмендеуіне сабақ уақытында ойының басқа нәрсеге бөлінуі себеп екенін мұғалімдер де жиі айтып жүр. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, смартфон құрылғыларын көп пайдаланатын баланың сабақ үлгерімі күрт төмендейді.

Жалғасы ертең...




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031