Untitled Document

Ғибрат... Жәннаттағы көршім кім?

Мұса алейһиссалам Хақ та'аладан: «Йа Раббым, менің жәннаттағы көршім кім болады?» деп сұрайды.  Хақ та'ала: «Пәлен жердегі пәлен деген қасапшы» деп білдіреді. Мұса алейһиссалам дереу айтылған аймаққа барады. Айтылған қасапшының үйін сұрастырып, тауып үйінің есігін қағады. Қасапшы: «Қош келдіңіз!» деп Мұса алейһиссаламды үйіне кіргізеді. Қал-жағдай сұрасып болған соң, қасапшы рұқсат алып ас үйге кіреді. Пісіріп қойған етін турап, ілулі тұрған себетті төменге түсіреді де, ішінде жатқан кәрі кемпірге пісірген еті мен сорпасын береді. Кейін үсті-басын тазалап,  қайтадан себетке жатқызады. Мұса алейһиссалам қасапшыдан:

- Себеттегі адам кім?- деп сұрайды.

- Бұл менің анам.

- Оны түсіріп не істедің?

- Тазалығын жасадым, тамағын беріп, қайта орнына жатқыздым. Қартайып осындай халге түсті. Күндіз-түні оны осылай күтіп бағамын.

- Тамағын беріп болғаннан кейін сыбырлап бір нәрсе айтты ғой, не айтты?

- Ол маған дұға етті.

- Не деп дұға етті?

- «Йа Раббым, Сен ұлымды Мұса пайғамбармен көрші ете гөр!» деп дұға етті, мен «Әмин!» дедім.

- Күнде осылай дұға ете ме?

- Иә, күнде осылай дұға етеді.

- Бауырым, мен Мұсамын. Аллаһу та'ала анаңның жасаған бұл дұғасын қабыл етті және екеуміз жәннатта көрші боламыз. 

 

Бала тәрбиесі... Жасқаншақ балалар

Жасқаншақ болып өскен бала өмір бақи мұның қасіретін шегіп өтеді. Ондай балалар өз ойын толық жеткізе алмайды. Қате сөйлейтінінен немесе айыпталатынынан жасқанып, тұйық болады.

Жасқаншақ, ынжық болудың ең басты себебі – ата-ананың балаға үнемі қатал мәміледе болып, әр нәрсеге киліге беруі. Баланы бақылауға алу керек, бірақ еркін жіберген жөн. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031