Untitled Document

Бала тәрбиесі... Аю тәрбиешісі мен бала (2)

Анасының төбесінен жай түскендей болды. Мектептен шыға сала аю тәрбиешісін іздей жөнелді, бірақ таппады. Басқалардан сұрастырып еді, күні кеше дүние салғанын естіді. Не істерін білмей үйіне келе жатқанда көршісі байқап қалып:

- Көршім-ау саған не болған, салың суға кетіп, басың салбырап кетіпті ғой?

- Иә, балам өнерін қайта бастады. Тіпті бұрынғыдан да түсініксіз әрекеттер шығаратын болыпты. Мұғалімінен тағы да шағым түсті.

- Алаңдама менің бір танысым көшіп келді. Балаңды соған апарайық. Өз ісінің шебері. Сол кісімен сөйлесіп көр.

            Анасы уақыт жоғалтпай дереу баласын көршісінің танысына алып барды. Ол баласын қарап, зерттеп отырып: «Балаңызда бір ерекшелік бар, нақты түсіне алмай отырмын. Тағы екі-үш күн келіңіз», – дейді.

Толық зерттеп болған соң әлгі кісі:

- Ханым, балаңызға не істегенсіз? Балаңызға жан-жануарларға тән қылықтар байқаладығой.

- Мен ештеңе істемедім. Тек тәрбиелеп берсін деп аю тәрбиешісіне апарған едім. Басында бәрі жақсы болған, кейін бір түрлі қылықтар шығара бастады.

- Бәсе, балаңыз сезіне алу қабілетін жоғалтқан. Яғни, сезімдері жараланған.

- Қалай сонда? Анағырақ түсіндіріп беріңізші.

- Аю тәрбиешісіне апардым дедіңіз бе? Адамды аң «тәрбиелейтін» әдіспен тәрбиелеген жарамайды. Аңға қолданылатын тәрбие түрі адамға жүрмейді. «Аюға намаз үйреткен таяқ» демекші, аюды жазамен, таяқпен тәрбиелейді. Балаңызды маған жүйелі түрде әкеп отырыңыз, жақын кұндері қайта қалпына келтіріп емдеп шығарамыз. Ендігі есіңізде болсын, аңды тәрбиелегендей (жазамен, ұрумен) адамды тәрбиелей алмайсың. Сізге аюды қалай тәрбиелейтінін айтып берейін.

Жалғасы ертең...




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031