Untitled Document

Бала тәрбиесі... Аю тәрбиешісі мен бала (3)

Негізінде тәрбиелейтін аюды тордың ішіне кіргізеді. Тордың едені темірден жасалған. Аю торға кірген соң еденнің астына от жағады, еден қыза бастайды. Сол кезде қолына дауылпазын алып аю тәрбиешісі келеді. От жанып қыза бастаған кезде әлгі кісі дауылпазды үрлей бастайды. Табандары қыза басатаған аю бір орында тұра алмай табандарын жерден кезек-кезек көтеріп тыпырши бастайды. Дауылпазды жылдам үрлей бастағанда оттың қызуы да өрши түсіп, аю жан ұшыра «билей» жөнеледі. Оттың қызуы бәсеңдегенде аю тәрбиешісі де дауылпазды жәй үрлейді.  Осы жағдай бірнеше күн бойы сан рет қайталанады.

Аюдың санасына әбден сіңген бұл әдет, дауылпаздың үні естіле бастағанда-ақ табандарым күйеді деп ойлап «билей» бастайды.

Міне, біз тамсана тамашалайтын аюдың биінің құпиясы осы. Біз әуенге билеп жатыр деп ойлайтын аю, негізі, рухани жараланған, психологиясы бұзылған аю. Ол әуенді естігенде ләззаттанып билеп жатқан жоқ, керісінше, «аяғым күйеді» деп тыпыршуда.

Өздеріңіз де байқағандарыңыздай, жаза – тәрбие түрі емес. Жазаның көмегімен баланы «тәрбиелеуге» тырыссаңыз, баланың сезімдері жараланып, іс-әрекеттерінде ауытқулар пайда болады.

Е.Ертайұлы “Баланы жазасыз тәрбиеле” кітабынан




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031