Untitled Document

Сұхбат... Тамақты ләззат үшін жемеңдер

Әбу Исхақзада Исхақ хазрет Осман империясының 83-ші шәйхулисламы. Ол бір дәрісінде былай деген:

Тамақтану (ішіп-жеу) әдебі: Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Ішіп-жеңдер, ысырап етпеңдер. Өйткені Аллаһу та'ала ысырап етушілерді жақсы көрмейді» (Араф-31) деген. Ал пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хадис шәрифте: «Араларыңнан бірің бір нәрсе жейтін кезде «Бисмиллаһир рахманир рахим» деп айтсын. Егер басында бисмиллаһ айтуды ұмытып, кейіннен есіне түсірсе, «Бисмиллаһи әууәлуһу уә ахируһу» деп айтсын» деді.

Ризық мәселесін көп ойламау, уайымдамау керек. Бүкіл уақытты сонымен өткізбеген жөн. Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Небір жануарлар бар, өз ризықтарын жүктеп тасуға шамалары жетпейді. Оларға да, сендерге де ризықты Аллаһу та'ала береді. Аллаһу та'ала Сәми, Алим» деген (Анкәбут 60).

Тамақтанған кезде аштықты басуға, нәпсіне хақысын беруге, ғибадат пен ізгі амалдарды орындауға күш-қуат жинауға ниет етіледі. Тамақты тек ләззат алу ниетімен жеуге болмайды. Пайғамбарымыз (алейһиссалам) хадис шәрифте «Нәпістің адам мойнында хақысы бар» деген. Ұлы ғұламалардың бірінен «Тасаууф ғалымдары қалай тамақтанады?» деп сұралғанда «Науқастың шипа алу үмітімен дәрі қабылдауы секілді» деп жауап берген екен.

Қарын ашпай тұрып тамақтанбай, тек қарын ашқан кезде ғана тамақ жеу керек. Пайғамбарымыз хадис шәрифте: «Жеген тамақтарыңды Аллаһу та'аланы ойлап және намаз оқу жолымен қорытыңдар. Тоқ күйде ұйықтамаңдар. Әйтпесе жүректерің қатаяды» деді.

Тамақты жалғыз жемеген жөн. Отбасымен немесе достармен бірге жеу керек. Өйткені Расулуллаһ хадис шәрифтерінде айтқан:

«Ең қайырлы ас – көп адаммен бірге жеген ас».

«Достармен бірге тамақтану шипа болады».




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031