Рамазан сұхбаты... Ораза тұтқан адамға мәкрух болатындар мыналар:
1) Тісті тіс пастасымен тазалау, пастасыз болса мәкрух болмайды.
2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар.
3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю.
4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің етеккірі (хайзы) тоқтаса кешке дейін ораза ұстаған адамдай ешнәрсе жемей жүрулері керек, ішіп-жеулері мәкрух болады.
Мәкрух болмайтындар:
1) Түнде ихтилам (жүніп) болып сәресіне тұрған кезде имсак уақытына аз уақыт қалған болса, алдымен ауызды шайып алып, тамақ жейтін болса, имсак шыққаннан кейін ғұсыл алатын болса, яғни оразаны жүніп күйде бастаса сахих болады. Кейінірек ғұсыл алу рұқсат.
2) Бұзып қойсам кафарат болмасын деген оймен Рамазан оразасына имсак уақытынан кейін ниет ету рұқсат.
3) Рамазанда құптаннан кейін ерлі-зайыптылар бірге болса, біраз ұйықтап кейінірек ғұсыл аламыз десе, оянған кездерінде күн шыққан болса, оразаларына зиян тимейді, бірақ намаз оқу үшін алғашқы мүмкіндікте шомылу керек.
4) Оразаны жіберіп алмау үшін етеккірді (хайызды) дәрімен кешіктіру рұқсат.
5) Ораза кезінде хайызы басталған әйел ораза ұстаған адам сияқты жүрмейді, ішіп-жей алады.