Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар (1)

Сұрақ: Мен студентпін, сабағымды жақсы түсіну үшін кейбір күндері ораза тұтпасам, кейін қазасын ұстасам бола ма?

Жауап: Ораза ұстау сабақ оқуға кедергі болмайды. Керісінше жақсы түсіну үшін көмекші болады. Қарын қатты тоқ болса адамның миы жақсы жұмыс істемейді. Аш адамның зейіні ашылып, түсіну қабілеті күшейеді. Бұл әлі тек медициналық жағы. Ал ораза тұтқанда Аллаһу та’аланың жаудыратын рахметі, мейірімі мүлдем бөлек. Оны түсінуге ақыл жетпейді.

Сабақ үшін ораза тұтпау харам болады. Рамазанның күнінде ораза ұстау үлкен ниғмет болып табылады. Бұл ниғметтен мақұрым қалмау керек. Ораза ұстауды үлкен олжа деп білу керек. Хадис шәрифте: «Рамазанда бір күн ораза тұтпаған адам оның орнына бүкіл бір жыл ораза тұтса да, әлгі бір күннің сауабына қауыша алмайды» делінген. (Тирмизи)

Рамазаннан басқа уақыттарда өмір бойы ораза тұтатын болса да Рамазанда тұтылған бір күндік оразаның сауабына жете алмайды. Тағы бір хадис шәрифте былай делінеді: «Аллаһ разылығы үшін бір күн ораза тұтқан адамды Аллаһу та’ала бір күндік ораза себебімен тозақ отынан 70 жылға алыстатады». (Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Нәсаи, Ибн Мажә)

 

Сұрақ: Ораза ұстаған адамға душқа түсуге, ғұсыл алуға бола ма?

Жауап: Душқа түсуге, ғұсыл алуға болады. Жүніптің ғұсыл алуы онсыз да міндетті. Душқа түсу оразаны бұзбайды. Бірақ моншаға, парға кіріп шомылуға болмайды. Парда судың мөлшері көп болатындықтан, тыныс жолдарымен өкпеге кіру қауіпі бар, өкпеге жеткен жағдайда ораза бұзылады. Бассейн, тазик (ванна) сияқты судың ішіне түсіп шомылатын жерлерде шомылу да табиғи тесіктерден денеге су кіретіндіктен оразаны бұзады. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031