Untitled Document

Сұхбат... Кітап оқуды әдетке айналдыру

Ілімнің қайнар көзі – кітап. Ең жақсы, ең дұрыс және ең оңай білім кітап оқу арқылы үйреніледі. Кітап – дыбыссыз мұғалім. Түсінбеген жерлерді бірнеше рет оқи аласыз. Түсінбегеніңіз үшін сізге ашуланбайды. Ұрыспайды және масқараламайды.

Кітап оқыған кезде әрі жаңа мәліметтер үйреніледі, ой-өрісті арттырады, әрі күнделікті қиыншылықтарыңыздан аз да болса ұзақтаған боласыз. Көп кітап оқыған адамдардың сөйлеу мәнері дұрысталады. Әдемі және түсінікті сөйлемдер құрады. Пікірін орынды түрде жеткізе алады. Көп қателік жасамайды. Оқиғаларды тіл байлығымен қызықты етіп айтып береді. Оңайшылықпен ашуланбайды, сабырды үйренеді. Түсінігі мол және шыдамды болады.

Әрине кітап дегенде, кез-келген кітап бұларды тудырады демейміз. Кітаптың да дұрысы, жақсысы, пайдалысы бар. Бұның терісі де болуы мүмкін. Кейбір кітаптарды оқығанда қаламасақ та болымсыз, жаман жағына қарай әсерленуіміз мүмкін.

Жылқы шөпті жеуден бұрын иіскейді. Егер улы болса, күмәнданса жемейді. Кітап та сондай. Кітап жайында алдымен мәлімет жинау, кітаптың жазушысы, авторы жайында пікір алу керек.

Бұзылған азық жеген кезімізде асқазанымыз қалай ауыратын болса, бұзық кітап оқыған кезімізде миымыз да осылайша әсерленеді. (Осы тұрғыдан әсіресе мазһабсыздардың, діни реформашылардың кітаптарын оқымау керек).

Хикмет...Төрт нәрсе

Сәһл бин Абдуллаһ Тустери былай деген:

«Шынайы иманға қауышу үшін төрт нәрсе қажет. Бүкіл парыздарды әдеппен орындау, халал азық жеу, көрінетін және көрінбейтін бүкіл харамдардан сақтану және бұл үшеуін ұстануға өлгенге дейін сабыр ету».




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031