Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Адамдардан ұялмаған Аллаһтан да ұялмайды

Әдептілік – жақсы тәрбие, жылы қарым-қатынас, көркем мінез, ар-ұят, сыпайылық, сырбаздық дегендей мағыналарды береді. Мысалы, тәрбиелі бала – әдепті бала деген сөз. Хадис шәрифте: «Балаларыңды әдепті, тәрбиелі қылып өсіріңдер» делінеді. Дініміз толықтай әдептіліктен тұрады. Әдептілік – пенденің өзін Аллаһу та'аланың қалауына бағындыруы, көркем мінезді болуы деген сөз. Хазреті Омар «Әдептілік ілімнен бұрын тұрады» деген. Өзі өте айбатты бола тұра, әдептілігінен, ұятынан Расулуллаһтың алдында өте бәсең сөйлейтін еді.

Дінімізде ар-ұяттың орны өте маңызды. Аллаһу та'аладан ұялу иманның күшті екенінің, ал ұятсыз болу иманның әлсіз екенінің белгісі.

Құран кәрімде былай делінеді:

«Иман келтіргендер арасында жамандықтың, ұятсыздықтың таралуын қалағандар және ұнатқандарға дүниеде де, ахиретте де өте ауыр азап бар». (Нұр 19)

Ұятсыз адам уақыт өте күпірге түсуі мүмкін. Ұят – иманның негіздерінің бірі. Ұяты бар адам Аллаһтан ұялғандықтан күнәдан тартынады. Адамдардан ұялмаған Аллаһтан да ұялмайды. Адамдардан ұялып күнәні жасыру да ұяттылыққа жатады. Адамдардан ұялғанның Аллаһу та'аладан да ұялатындығы аңғарылады. Өйткені хадис шәрифте: «Аллаһтың алдында сақ болған адамдардың алдында да сақтанады» делінген.

Ұятсыз адамның адамгершілігі төмен болады. Хазреті Әбу Бәкір «Ұятсыз адам халық арасында жалаңаш отырған адам секілді» деді.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһу та'аладан ұялыңдар! Аллаһтан ұялған адам жаман ойлардан аулақ болады, ішкен-жегенін қадағалайды, өлімді көп ойлайды». (Тирмизи)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30