Untitled Document

Сұхбат... Дұға – ғибадаттың нағыз өзі

Дұға – Аллаһу та'алаға жалбарынып, тілегін сұрау деген сөз. Аллаһу та'ала дұға етуші мұсылманды жақсы көреді. Дұға етпейтін адамға ашуланады. Дұға – мүминнің қаруы, діннің негізгі тіректерінің бірі. Ол – жер мен көкті жарықтандыратын нұр. Дұға келген дерттерді, бәле-жаланы кетіреді. Ал келмегендерінің келуіне тосқауыл болады. Аллаһу та'ала: «Маған таза жүрекпен дұға етіңдер! Сондай дұғаларды қабыл етемін» деген. Сондықтан дұға ету намаз, ораза секілді ғибадат болып табылады. Аллаһу та'ала: «Маған ғибадат еткісі келмейтіндерді қор және бейшара қылып, тозаққа тастаймын» деген. Аллаһу та'ала барлық нәрсені өз себебімен жаратады, ниғметтердің себептерін артынша жібереді. Ол зияннан, дерттен сақтау үшін және пайдалы нәрселерді беру үшін дұға етуді себеп қылды. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Дұға – ғибадаттың негізі және нағыз өзі. Аллаһ дәргейінде дұғадан жағымды ештеңе жоқ. Дұға жетпіс түрлі апаттың алдын алады. Өмірдің берекетін арттырады».

Имам Раббани хазрет айтады:

«Дұға апатты, бәле-жаланы кетіреді. Хадис шәрифте: «Апатты тек қана дұғамен тоқтатуға болады» делінген».

Аллаһу та'ала дұға етушілерді, денсаулық пен саламаттық сұраушыларды жақсы көреді. «Мүмин» сүресінде: «Дұға етіңдер! Дұғаларыңды қабыл етемін» деген.

Дұғаның қабыл болуының кейбір шарттары бар. Олардың біразы төмендегілер:

1) Харам азықтан сақтану керек.

2) Ояу жүрекпен және қабыл болатынына сеніп дұға ету керек.

3) «Неліктен дұғаларым қабыл болмайды?» деуге болмайды.

4) Бәле-жала келмей тұрып көп дұға ету қажет.

5) Дұғаны мақтаумен және салауатпен бастаған жөн.

6) Себептерге жүгінбей сұрау – бос қалау.

7) Аллаһу та'аланың Әсма-и хуснасымен (99 көркем есімімен) дұға еткен адамның дұғасы қабыл болады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031