Untitled Document

Мақала... Құндылықты игеруді үш категорияға бөлдік

Біріншісі – «жасампаз құндылық». Бұл нақты қадаммен жүзеге асады. Оны анықтау үшін сұрақты былай қоямыз: «Өмірге не бере аламын? Ұрпағыма не қалдырамын?»

Екіншісі – «сезім құндылығы». Сұрақ былай қойылады: «Өмірден не аламын? Қай нығметті пайдалансам, кеудемді Мәнге толтырамын?».

Үшінші – «позиция құндылығы». Бұл – тағдыр тұйыққа тірелгенде тірілетін құндылық. Пенде бір бәлеге душар болып, шарасыз халде төсекке таңылғанда осы құндылық іске қосылады. Өмірге не берем немесе не аламын деген тоқтайды. Бұл кезде ой-пікір мен күш-қуат ішкі дүниеге жұмылады. Пенде соңғы соққыны күтіп алуға тас түйін дайындалады. Осы позицияға бекігенде ішкі әлемінде байқалмаған қисапсыз құндылықтар бүр жарады. Жасампаздық сезім ғана өмірді мәнмен толтырмайды. Мұң мен мехнат та Мән сыйлай алады дегенді ұқтырады. Әдетте, бес күн жалғанның жылтырақ жетістігіне табынатын жандар мұндай пікірді парықтай алмайды. Бірақ сонда да күш шығарып, өзімізді бір сәтке тежеп, біреудің өміріне үкім бергіш әдетімізден тыйылсақ, жақсы болар еді. Солай етсек тағдыр жайлы тереңірек ойланамыз. Ондай кезде бұрын-соңды көрінбеген түрлі құндылықтар гүл ашады. Қызығы: олар жылтырақ жетістік пен өткінші сәтсіздікке тәуелді емес. Өмірде жолың болса да, болмаса да олардан жан жүректе бұрқ-сарқ қайнап жатқан құндылыққа келіп-кетер зиян-зақымет жоқ. Атақты суретшілер қалдырған өнер туындысына қараңыз. Олардың көбінің өмірде жолы болмаған. Тағдырдан түрлі соққы жеген. Кедейліктен тентіреп кеткені қаншама? Сырт бейнесі жаман болса да, жандүниесі қалайша ғажап туынды жасап шығарады?!

Осы арада ойымызға Л.Толстойдың «Иван Ильичтің өлімі» хикаяты оралады. Мұнда өмірінің мәнсіз өткеніне күйініп, аңдаусыз келген ажалдың алдында ғана «оянған» лауазымды шенеуніктің оқиғасы баяндалады. Өмірінің ақтық сағаты соққанда ғұмырының мәнсіз өткенін ұғынады.

@otbasyhrestomatiasy




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031