Untitled Document

Сұхбат... Асығу (1)

Сұрақ: Асыққан дұрыс па? Көбіне қандай жағдайларда асығу керек?

Жауап: Адамның табиғатында асығушылық бар. Екі аяти кариманың мағынасы:

«Адам асығушы (табиғатта) жаратылды». (Әнбия 37)

«Адам өсе асығушы». (Исра 11)

Асығыстық істерге шайтан араласады. Екі хадис шәрифтерде былай делінген:

«Асығу шайтаннан, баяулық Рахманнан». (Тирмизи)

«Абайлампаздық жасаған адам мақсатына жетеді, асыққан қателеседі». Бәйһақи)

Олай болса, істерде асықпау керек және шешімді дереу қабылдамау керек! Асығыстықпен қабылданған шешімдерге шайтан араласады. Нәпіс қалайтын бір нәрсе ойға келген кезде шайтан: «Мүмкіндікті жіберме, дереу істе!» деп алдайды. Сондықтан көңілге келген нәрсені істеуден бұрын «Бұл істен Аллаһу та'ала разы ма? Бұл сауап па, әлде күнә ма?» деп ойлану керек! Күнә болмаса істеуге болады. Осылайша абайлампаздық жасаған, яғни асықпаған боламыз.

Тек бес жерде ғана асығу керек:

1)   Қонақ келгенде дереу тамақ беру керек.

2)   Күнә істегенде дереу тәубе етіп өкіну керек.

3)   Намаз уақыты кіргенде дереу оқу керек.

4)   Жерлеу рәсімдерін тез атқару керек.

5)   Қыз немесе ұл балаларға діни білімді және намаз оқуды үйреткеннен кейін балиғатқа толып, теңі табылған болса, дереу үйлендіру керек. Әшиат-ул-ләмәат кітабындағы хадис шәрифте: «Йа Әли, үш нәрсені кешіктірме! Намазды уақыты кірген кезде дереу оқы, жаназа намазын дереу оқы! Жесірді немесе қызды лайықтысы сұрап келгенде дереу үйлендір!» делінген. (Тирмизи) Олай болса, намазын оқитын, күнәлардан сақтанатын және напақасын халалдан табатын бір адам бар болса, дереу осы адамға үйлендіру керек! Егер үйлендірмесе, фитнаға себеп болуы мүмкін. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031