Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Мақтану адамның қадірін түсіреді

Адам өзін-өзі мақтай бастаса қадірі түседі. Өйткені пайғамбарымыз: «Мақталуды, мадақталуды жақсы көру адамды соқыр әрі керең етеді. Енді ол өз айыптарын, кемшіліктерін көрмейтін болады. Дұрыс сөздерді, өзіне айтылған насихаттарды естімейтін болады» деген.

Ислам ғалымдары мақталуды жақсы көрудің көңіл (жүрек) ауруы екенін білдірген және оны емдеу жолдарын да көрсеткен. Мақталуды жақсы көрудің себебі – адамның өз-өзін ұнатуы, өзін басқалардан үстем, жоғары көруі, өзгелерен жақсы адаммын деп санауы. Мұндай адамдарға мақтаулар жағымды, ұнамды келеді. Уәһб бин Мунәббих хазрет: «Мұнафықтың ерекшеліктерінің екеуі – мақталуды жақсы көру, ал басқаларды кемсітуді, қорлауды ұнату» деген.

Адамның тектілігімен, ата-бабаларымен мақтануы және басқалардың алдында олардан өзін үстем деп санауы, тәкәппарлануы надандық және ақымақтық болады. Өйткені Қабыл Адам алейһиссаламның, ал Йам Нұх алейһиссаламның баласы еді. Әкелерінің пайғамбар болуы оларды күпірден құтқармады. Адамдардың әкелерінің, аталарының салих болғандығымен мақтануы да орынсыз, ақылды адамның ісі емес. Маңызды болғаны, олар сияқты салих болуға және олардың жолында болуға тырысу. Өйткені хадис шәрифте: «Адамның өзі жаман болса, ахиретте тегінің үстемдігі оған пайда бермейді» делінген.

Аллаһу та’аланың берген ниғметтерімен (байлық, мансаптармен) басқалардың алдында өзін үстем санау және мақтану да дұрыс емес. Өйткені бұлай мақтану күнә болады. Бірақ «бұл ниғметтер менде аманат, бұлардың негізгі иесі Раббым» деп ойлайтын және айтатын болса, бұларды Аллаһу та’аланың разы болған жолында қолданса, онда бұл жағдай шүкіршілікке жатады, құнды әрі қабыл болады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031