Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Қарттарға құрмет

Имам Ағзам хазрет имам Әбу Юсуфқа: «Ғалымдарды құрметте! Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет-мейірімділік көрсет!» деген. Әсіресе мұсылман қарттарға құрмет көрсету керек. Жақсы-жаман деп ажыратпай, барлығына бірдей жақсылық жасау керек. Мысалы, қоғамдық көліктерге жас, кәрі, ауру, сау, әйел, еркек, бай, кедей, ғалым, надан сияқты әр түрлі топтың адамдары мінеді. Әлсіздерге көмектесу керек, автобусқа мінерде де, түсерде де көмектесіп, оларға орын беру керек. Қарттарға, мұқтаждарға көместесу керек.

Осы тұрғыдағы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірім көрсетіңдер!» (Шира)

«Қарттарға құрмет және сияпат Аллаһу та’алаға деген құрметтен туындайды». (Бұхари)

«Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес». (Бұхари)

«Халықтың ішіндегі қария – үмбетінің арасындағы пайғамбар сияқты». (И. Нәжжар)

«Жас адам бір қарттың жасына қарап құрмет көрсетсе, оның жасына барғанда Аллаһу та’ала оған жастарды құрмет еттіреді». (Шира)

«Мына үш нәрсе Аллаһу та'алаға деген тағзымнан саналады:

1- Мұсылман болып қартайған адамды құрметтеу,

2- Құран кәрімді жаттаған адамды құрметтеу,

3- Ғалымды құрметтеу». (Рамуз)

«Мұсылман болып қартайғанды құрметтеген адам Нұх алейһиссаламды кұрметтегендей сауап алады. Нұх алейһиссаламды құрметтеген адам Аллаһу та'аланы құрметтеген болады». (Хатиб) 

«Тәкбір, тахмид, тәсбих және таһлил себебімен мұсылман болып қартайған мүминнен абзал адам жоқ». (И. Ахмед) (Тәкбір: Аллаһу әкбәр, таһмид: Әлхамдулиллаһ, тәсбих: Сүбханаллаһ, таһлил: Лә илаһә иллаллаһ).

Пайғамбарымыз алейһиссалам Аллаһу та'аланың ант етіп: «Мұсылман болып қартайған адамға азап шектіруден ұяламын» деп бұйырғанын білдіргеннен кейін жылады. Себебін сұрағанда: «Аллаһу та'ала өзінен ұялған халде Одан ұялмайтындарды ойлап жыладым» деді. (Бәйһақи)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031