Untitled Document

Сұхбат... Қалай киіну керек? (2)

Пайғамбарымыз бір рет ұсқынсыз киініп алған адамнан «Ақшаң, мал-мүлкің бар ма?», - деп сұрады. Ол адам «Өзіме жетіп артатын мал-мүлікім бар» деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз оған: «Аллаһу та’ала саған мүлік бергенінде ол ниғметтің баршылығы сенің үсті-басыңда көрініп тұрсын» деді. (Нәсаи)

Хикмет бұлағы бір ғұлама былай дейді: «Сен сондай бір киім тауып ки, үстіңде тұрғанда сен оған емес, ол саған қызмет етсін!»

Өзін көрсету және «міне менде бар» деген мақсатта жақсы, сәнді киіну харам болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Сәнденуден қашу иманнан». (Ибн Мажә)

«Аллаһу та’ала қарапайым киінген адамды жақсы көреді». (Бәйһақи)

«Сән және мақтану үшін киген киімін үстінен шешпейінше Аллаһу та’ала оған мейірім етпейді». (Табарани)

«Өзін көрсетіп тәкаппарлану және мақтану үшін атақты кісілердің киімін киген адамды Аллаһу та’ала сол киімдерімен бірге отқа тастайды». (Рузәйн)

Көргеніміздей, өзін көрсетіп мақтану, тәкаппарлану үшін киіну харам, ал жамал үшін, мұсылмандықтың абыройына дақ түсірмеу үшін сәнді де таза киіну мубах.

Киім ескі болса да таза болуы керек. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Йа, Айша, мына екі киімді жу, білмеймісің киімдер тәсбих етеді, кірленген кезде тәсбих етулері тоқтайды». (Ибн Асакир)

Маңызды лауазымда отырған адамның немесе маңызды бір кісінің алдына кіретін адамның сәулетті, таза киім киюі керек. Аллаһу та’аланың алдына шыққан кезде (намазға тұрған кезде) бұған одан да көбірек мән беру керек! «Әр намаз оқығанда сәнді, таза, жақсы көретін киімдеріңді киіңдер!» деген аяти кәримамен «Әдемі иіс қайғыны, әдемі, таза киім қасіретті азайтады» деген хадис шәрифке мойынсұнуға тырысу керек. Ескі болса да таза киім кию керек! (М. Раббани, Әдәб-үд-дуния, Бостан)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031