Untitled Document

Тарихи тұлғалар... Білал Хабәши

Хазреті Білал Хабәши – ұлы сахаба, пайғамбарымыздың (алейһисалам) алғашқы муәззині (азаншысы), мұсылмандықты алғаш қабылдағандардың бірі. Есімі – Білал бин Рәбах, Хабәшістандық (Эфиопиялық) лақаб аты Әбу Абдуллаһ, анасының есімі – Хамамә. Туылған жерлері Хабәшістан болған жанұясы Меккеде Бәни Жумһа тайпасының құлы еді. 581 жылы Меккеде туылып, 641 (хижри 20) жылы Шам қаласында қайтыс болды. 

Ислам дінінің алғашқы жылдарында Білал Хабәши (радиаллаһу анһ) Меккеде бір кәпірдің құлы болатын. Ешкім жоқ кезде пұтханаға барып пұттарды масқаралап жатқанында, пұтхана қызметшісі мұны көріп қойып, мүшриктерге айтып береді. Мүшриктер хазреті Білалды ыстық құмға жатқызып, аяқ-қолын байлап тастайды. Мұсылмандықтан кайтқанға дейін азаптайтындарын айтады. Ол бұған қарамастан «Аллаһ жалғыз!.. Аллаһ бір!...» деп дінінен қайтпайтынын қайталайтын.

Хазреті Әбу Бәкір хазреті Білалдың қожайынына барып, хазреті Білалды сатып алғысы келетінін айтады. Олар оны сатпайтынын, тек қана Амир деген хазреті Әбу Бәкірдің құлына ауысатындықтарын айтады. Амир – кәпір еді, хазреті Әбу Бәкір оған: «Сен мұсылман бол, бүкіл малыңмен сені азат етейін» дейтін, бірақ Амир сонда да мұсылман болмайтын. Хазреті Әбу Бәкір ренжитін және азат етпейтін. Мүшриктер ұсынған ауыстыру мүмкіншілігін пайдаланып бүкіл мал-мүлкімен бірге Амирды мүшріктерге беріп, хазреті Білалды мүшріктерден құтқарды. Қолынан ұстап дереу пайғамбарымызға апарып азат еткенін айтты. Пайғамбарымыз қуанып, дұға етті.

Осы оқиғаға байланысты хазіреті Әбу Бәкірді мақтайтын «Ләил» сүресінің он сегізінші аяти кәримасы түсті.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031