Untitled Document

Сұхбат... Ұлылардың насихаты

a Жылы жүзді болу – иманның белгісі.

a Барлық адамның үстінен арыздану – тәкаппарлық.

a Нағыз қызмет – жылы сөз, жылы жүз.

a Жылы жүз бен жылы сөз – осы ғасырдың қаруы.

a Қызмет беру арқылы болады, алу арқылы емес.

a Барлық қиындықтың себебі – күнә істеу.

a Сен жақсылық жасасаң, әрдайым жақсылық көресің.

a Дұрыс кітап оқу – сұхбаттың жартысы.

a Хараммен өскен дене отта жанады.

a Мақсатымыз – адамды оттан құтқару.

a Тәкаппарды Аллаһ та, құл да сүймейді.

a Сен құлдарды сүйсең, Аллаһ сені сүйеді.

a Имансыз өлуден қорықпаған адам имансыз өледі.

a Егер сен кешірсең, Раббың сені кешіреді.

a Ахиретке пайдасы жоқ барлық нәрсе дүниелік нәрсе болып табылады.

a Адамдардың екі әшекейі бар: әдеп пен кішіпейілдік.

 aАхиретте әрбір адам әрбір ісінен сұралады.

a Әдеп – өзіңді әрдайым айыпты деп санау.

a Хақ Та’ала беруді қаламаса, қалау сезімін бермес еді.

a Адамның қадірі ғылымы мен әдебінің болуында.

a Әдеп – әлбетте байлық, кімде бар болса, сол жақсы адам болады.

a Әр күнді соңғы күн, әр намазды соңғы сәт деп біл.

a Кім күніне 20 рет өлімді ойласа, шәйіт болады.

a Харамды жақсы деп санаған адам кәпір болады.

a Кім кез-келген (кездейсоқ) діни кітапты оқи берсе, иманы бұзылады.

a Түнерген жүз бен қосылған қас – залымдықтың белгісі.

a Көптеген жақсылықтарға жетудің себебі – ата-ананың батасы.

a Қай жерде келіспеушілік пен қиындық бар болса, ол исламға бағынбаудан туындайды.

a Мұсылман – қолы мен тілі арқылы ешкімге зиян келтірмейтін адам.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031