Untitled Document

Сұхбат... Халал жолмен ақша табудың маңызы

Құран кәрімнің «Мүминун» сүресінің 52-ші аятында былай деп бұйырылды:

«Ей пайғамбарларым (салауатуллаһи алейһим әжмаин)! Халал және таза тамақтаныңдар және маған лайық ғибадат етіңдер!»

Хадис шәрифте былай бұйырылды: «Халал табыс табу әрбір мұсылманға фарыз».

«Бір кісі харам араластырмай 40 күн халал тамақтанса, Аллаһу таала оның жүрегін (көңілін) нұрға толтырады, жүрегіне өзендей хикметтер ағады. Дүние махаббатын көңілінен кетіреді».

«Көп кісілер бар, жегендері мен ішкендері харам болған. Сөйте тұра қол жайып дұға етеді. Ондай дұға қалай қабыл болады?»

«Харам жегендердің парызы да, сүннеттері де қабыл болмайды». (Яғни сауабына қауыша алмайды). Он теңгелік киімнің бір теңгесі харам болса, ол киіммен оқылған намаз қабыл болмайды.

«Хараммен тамақтанған дененің отта жануы күштірек болады».

«Мал-мүліктің халалдан ба, харамнан ба келгенін ойланбағандар тозақтың қай жерінен тасталса тасталсын, Аллаһу таала оларға рахымшылық етпейді».

«Ғибадат он бөліктен тұрады, оның тоғызы халалдан табу».

«Халал табу үшін шаршап үйіне келген кісі күнәсіз жатады, Аллаһу тааланың сүйген құлы болып тұрады».

«Аллаһу таала «харамнан сақтанғандардан есеп сұрауға ұяламын» деген».

Хазреті Әбу Бәкір қызметшісі алып келген сүтті ішеді, сонан соң халалдан болмағанын біліп, саусағын аузына салып құсады. Қиналып шығарғаны сонша, көргендер өліп жатыр деп ойлады. Кейін: «Йа, Раббым, қолымнан келгенін істедім, асқазанымда және тамырларымда қалғандардан саған сиынамын!» деп жалбарынады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30