Сұхбат... Кәлима-и шаһадат айту
Исламның шарттарының біріншісі «Кәлима-и шаһадат» айту. Калима-и шаһадат дегеніміз «Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ» деп айту деген сөз. Яғни, ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған сөйлей алатын адамның: «Жер мен көкте Одан басқа ғибадат жасауға ақысы бар және табынуға лайықты ешбір нәрсе және ешкім жоқ. Шынайы мабуд (ғибадатқа лайықты) тек қана Аллаһу та'ала. Ол – уәжибул вужуд. Бүкіл үстемдіктер Оған тән. Оның ешқандай кемшілігі жоқ. Оның есімі «Аллаһ», – деп айтуы және бұған шын көңілімен нақты сенуі деген сөз. Сондай-ақ, гүл түсті ақшыл-қызғылт, әдемі, нұрлы, сүйкімді жүзді және қара қасты, қара көзді, мүбәрәк маңдайы ашық, жақсы мінезді, көлеңкесі жерге түспейтін, жұмсақ сөйлеуші, Арабстанда Меккеде туылғандықтан Араб аталған, Хашим ұрпағынан «Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед есімді ұлы тұлға – Аллаһу та'аланың құлы және расулы, яғни пайғамбары». Ол – Уәһәбтің қызы хазреті Әминаның ұлы. [Милади жыл санағы бойынша 571 жылы 20-сәуірде дүйсенбі күні таң атып келе жатқанда] Мекке қаласында дүниеге келді. Қырық жасында оған пайғамбар екендігі білдірілді. Бұл жыл «Бисәт жылы» деп аталады. Бұдан кейін 13 жыл Меккеде адамдарды Ислам дініне шақырды. Аллаһу та’аланың бұйрығымен Мәдина қаласына хижрет етеді. Сол жерде Ислам дінін барлық жаққа жайды. Хижреттен 10 жылдан кейін, яғни милади 632 жылы маусымда, рабиул-әууәл айының 12-нші дүйсенбі күні Мәдинада қайтыс болды.