Untitled Document

Мақала... Пирамидалар (1)

Мысырдағы пирамидалар барлық замандарда адамдардың қызығушылығын тудырғаны мәлім. Ал бұл қызықты сәулеттің тарихы болса өте көне дәуірлерге созылуда. Шумерлердің зиккураттары Мысыр пирамидаларының алғаш үлгілері дейтіндер бар. Мысырдың ескіден Месопотамиядан әсерленгендігі мәлім, осы тұрғыдан да мұндай сәулет байланыстарының болуы әбден мүмкін. Мексика жерлерінің оңтүстігіндегі Мая мәдениетінде де осы пирамидаларға ұқсас сәулетті ғимараттар, яғни Мая ғибадатханалары бар. Бұлардың да Мысыр пирамидаларына, бәлкім көбірек Шумерлердікіне ұқсас жақтары бар. Мысыр пирамидаларының адамның қызығушылығын тартатын тағы бір тарапы да осы байланыс болып табылады. Сондай-ақ құрылысындағы технологиялық сыр да адамды қызықтырмай қоймайды. Гизадағы Хеопс, Хефрен, Микерин пирамидалары және Сфинкс (адам басты жануар) өте мәшһүр. Әлемнің жеті ғажайыбына жатады. Хеопс пирамидасы турасында қысқаша мәлімет беріп өтейік. Хеопс пирамидасы Ніл өзенінің жағасындағы Гиза пирамидаларының қатарынан болып табылады. Фараон Хеопстың бұл зәулім құрылысы күніміздегі 40 қабатты үйлердің биіктігінде. Шамамен төрт жарым мың жыл бұрын салынған. Бір жарым километр квадраттық алаңды қаптап тұр. Кейбірі 70 тонна салмақты екі жарым миллион тас блоктан жасалған.

Көбінесе осы пирамидалардың соғылуы үшін фараондар жүз мыңдаған адам күшін қолданып алып тастарды қабат қабат құм бетімен көтеріп орнатып тұрғызғаннан кейін құм қабаттарын ысырып тастағандығы айтылады.

(жалғасы ертең...)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031