Untitled Document

Сұхбат... Хакім Ата

Хакім Атаның шын есімі – Сүлеймен. Балалық шағында медресеге бара жатқанда басқа балалар сияқты Құранды мойнына аспай, қолымен астынан ұстап, құрметпен алып жүретін. Оқудан шыққанда да бетін мектепке, артын үйге қарай беріп қайтатын. Бір күні Қожа Ахмет Яссауи хазрет мешітте болған кезде баланың әлгі әрекеті оған ұнап қалады. Сөйтіп хазреті Ахмет Яссауи баланың әкесі мен анасының ризашылығын алып, Сүлейменді құран оқыту үшін қасына алады. Он бес жасқа келгеннен кейін хазреті Қожа Ахметке шәкірт болады. Бір күні Қызыр алейһиссалам Ахмет Яссауи хазретке қонаққа келеді. Келген мейманға тамақ әзірлеу үшін шамалы отын әкелуге балаларды жұмсайды. Отын әкеле жатқанда қатты жаңбыр жауады. Әкелінген отынның бәрі су-су болып қалған еді. Тек Сүлеймен киімін шешіп, отынды орағандықтан, ол әкелген отын ғана құрғақ болады. Соның арқасында басқа отындар да жанады. Қызыр алейһиссаламға баланың бұл әрекеті ұнайды, балаға: «Бұдан былай атың Хакім болсын!» - дейді. Содан кейін аузына түкіреді. Сүлейменнің іші нұрға толады. Сонда хазреті Қызыр: «Қане, тұрма, рухани нәр шығар» - дейді. Хакім Ата сол мезеттен бастап хикметтер,  өлеңдер айта бастайды. 
            Мәлімет: Сүлеймен Бақырғани Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол өзінің «Ақырзаман» кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы – Шайқым Қожа Ахмет Яссауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік – Шайқым Ахмет Яссауи, - деп жырлағандай хазреті Ахмет Яссауиге шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Дамаск қалаларында білімін толықтырады. Халық арасында Хакім ата деген атпен танымал.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031