Өсиет... Ақсақалдың өсиеті
- Айналаңдағы тіршілікті жан-жүрегіңмен көруді үйрен, көз көргеннің бәріне қуана біл – шөпке, ағашқа, құсқа, жануарға, жерге, көкке. Оларға мейірімді көзбен, сезімтал жүрекпен қара – сонда кітапта жазылмаған білімді көресің. Сен олардан өзіңді көресің – жуасыған әрі жаңарған өзіңді.
- Судың жағасында отыруға мұрсат бөл. Су шаршағаныңды басады, ойыңды тазартады.
- Шөлдемесең де сәті түскен жердің бәрінен таза су ішуді әдет қыл. Су бәріне ем.
- Дастарқаныңда күнделікті көкөніс болатын болсын. Күннің жылуымен піскен көкөніс өте пайдалы. Бірінші орында – қызылша, жер бетінде оған жететін көкөніс жоқ. Сосын – бадана (фасоль), асқабақ, жидектер, сәбіз, қызанақ, бұрыш, саумалдық, салат, алма, жүзім, алхоры.
- Бір уыстан, бірақ жиі-жиі жеген жақсы. Аз тамақ ішу үшін суды көп ішем. Компот ішіп, дақыл тамақты көп жеймін. Шикі көкөністі жеймін. Бейсенбінің кешінен бастап жұманың кешіне дейін ауыз бекітемін. Тек су ішем.
- Ораза – барып тұрған қазына. Ораза ұстағаннан артық ештеңе де мені жасартып, жеңілдетпейді. Сүйектерім жеп-жеңіл, құстікіндей болады. Жүрегім жас жігіттікіндей жалындап тұрады. Ораза ұстаған сайын бірнеше жасқа жасарамын.
- Таңның атуы мен күннің батуы – сен үшін. Жұмыс тек таң атқанда қызады. Соған дағдылансаң, тәнің де, рухың да мықты болады. Кеш батқанда ми тезірек тынығып, ұйқыда тазарады.
- Ашық аспан астында көбірек жүруге тырыс. Салқын үйде тұрып үйрен. Аяқ-қолың жылы болса болғаны. Ал, басың – салқын ауада тез тынығады. Жылы үйден тәнің тез қартаяды. Уссурия ормандарында қарт қытай бар еді. Ол ылғи мақталы шалбар киетін, бірақ үйіне от жақпайтын.