Бүгін... Республика күні
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
Ғылым және техника...Жұмыс істеп тұрған ең ескі компьютер
65 жастағы бұл компьютер Harwell Dekatron, басқа атауы “CADi” әлі күнге дейін істеп тұр. Оксфорд атом энергиясы зерттеу орталығында қолдану үшін жасалған бұл компьютер 1949 жылы жасала бастап 1951 жылы дайын болды. Деректерді өңдеу жылдамдығы 10-15 секунд болатын. Заманауи компьютерлерде 1 секундқа жетпейді. Қазір Англияда ұлттық есептегіш құрылғылар музейінде тұрған “CADi” 2,5 тонналық салмақты құрап, бір бөлмені алатындай көлемде.