Сұхбат... Насихаттар
Хусейн Хилми бин Саид хазрет былай деген:
♦ Дүниеде кім кімді жақсы көрсе, ахиретте жақсы көрген адамымен бірге болады.
♦ Мүминнің белгісі жылы жүзді болу, мұнафықтың белгісі қабағын түйіп жүру.
♦ Аллаһу та’аланың сүйікті құлдарын жақсы көру дүниеге деген махаббатты көңілден шығарады.
♦ Доспен сөз таластыру достықты азайтады, дұшпанмен сөз таластыру дұшпандықты арттырады.
♦ Жақсы көретін адамын жақсылап таңдау керек, соған қарай жақсы көру керек.
♦ Бір-бірімізді ренжітуден қорқайық.
♦ Әр нәрсенің жаңасы жақсы. Бірақ екі нәрсенің ескісі жақсы. Біреуі – махаббат, екіншісі – дос.
♦ Ғалымдардың зейнеті «Білмеймін» деп айтуы.
♦ Аллаһтың дінін Оның құлдарына үйретуге барарда қадам басылатын жерге періштелер қанаттарын төсейді.
♦ Бір жамағаттың ішінде ең көп қызмет еткен адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді.
♦ Құл (кісі) ақысы тақырыбы ислам ахлақының негізін құрайды.
♦ Бір адамның көңілінде (жүрегінде) харам істеу қалауы қалмаған кезде көңіліне Аллаһқа деген махаббат толады.
♦ Сауап жинау өте маңызды. Жиналған сауаптарды жоғалтпау одан да маңызды.
♦ Бір сағат ілім үйрену түні бойы ғибадат етумен бірдей.
♦ Мұсылман уақытын тиімді пайдалану керек.
♦ Дүниеде Аллаһу та’аланың дініне қызмет еткендер, Аллаһу та’аланың құлдарының қиыншылықтарын шешуге көмектескендер махшарда тақтың үстінде, мінбелерде отырады.
♦ Иман – Аллаһу та’аланың құлдарына ихсан етіп берген ерекше ниғмет.
♦ Адам Раббысын танығанындай мөлшерде адам.
♦ Мүмин азық сияқты болуы тиіс, әрқашан қажеттілігі сезілуі керек.
♦ Адамның абыройы білімді және әдепті болуында.
♦ Кейбір адамдар бар, қабірге кірген кезінен бастап ұмытылады.
♦ Қате және кемшілікті өзгелерден іздейтін адамдар жағымсыз болады.