Untitled Document

Әңгіме... Ерлі-зайыпты шымшықтар неге ұрысты?

 

Бір күні ерлі-зайыпты шымшықтар бір-біріне ренжісіп, шоқысып қалыпты. Олардың күңкілдесіп жатқанын аң мен құстын тілін түсінетін Сүлеймен патша есітіп тұрды. Әйел шымшық күйеуінің айтқанына көнбей, қашып жүр екен. Сонда еркек шымшық жүндерін күдірейтіп: «Егер мен қаласам, Сүлеймен патшаның сәлдесін шешіп алып, теңізге лақтырып жіберем. Сен маған қарсы келетін кімсің?» - деп айқайға салып жатыр дейді. Әңгімені есітіп тұрған Сүлеймен пайғамбар күлімсіреп: «Әй, шымшық! Сен, шынымен де, менің сәлдемді теңізге лақтыра аласың ба?»- деп сұрайды. - Жоға, уа, Аллаһтың пайғамбары! Әрине, жоқ. Бірақ еркектің бәрі қатынына сөзін өткізу үшін ірілеу әңгіме айтатыны бар емес пе? Сондай тірлік қой меніңкі, - депті еркек шымшық ұялып. Сонда Сүлеймен патша әйел торғайға қарап: «Ал сен ше? Күйеуіңнен неге қашып жүрсің? Ол сені жақсы көреді екен ғой?», деп сұрақ қояды. - Жоқ, уа, Аллаһтың пайғамбары! Ол мені жақсы көрмейді. Тек сайраған тілімен ғана жақсы көремін дейді. Арғы жағында ондай емес. Бұл менен басқа әйел шымшықтарды да жақсы көреді, - деп жауап қайырды әйел шымшық. Осыны көріп, есітіп тұрған Сүлеймен Пайғамбар бір сәт терең ойға шомып кетіп айтқаны мынау екен: «Уа, Құдайдың құдіреті! Кіп-кішкентай шымшықтың өзі бір жүрекке екі махаббат сыймайтынын қалай білді екен? Ал адамдар ше? Қалайша олар қызылды-жасылды дүниені, мал-мүлікті, байлықты сонша жақсы көріп тұрып, Раббысын да жақсы көремін дейді?» Содан соң: «Уа, Аллаһу Та’алам! Жүректерге Өзіңе деген махаббатты ғана орнықтыр! Сенен артық ешкімді, еш нәрсені жақсы көрмейік», -деп жылап тұрып дұға еткен екен.

Асылбек Әуезханұлы




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031