Тарих... Қазақ хандығын кімдер басқарды? (2)
ТОҒЫМ ХАН – Жәнібек ханның немересі. Әбден әлсіреген Қазақ хандығын қайта аяққа тұрғызуға тырысты. Қырғыздармен одақтас болып, жауларға қарсы тұрды. Шайбаниліктерге қарсы соғыста қаза тапты.
БҰЙДАШ ХАН – Тахир ханның бауыры, Жәнібек ханның немересі. Қазақ хандығының Жетісу бөлігін басқарды. Ташкент билеушісіне қарсы соғыста мерт болды.
ХАҚНАЗАР ХАН – Қасым ханның кіші ұлы. Қазақ хандығының қайта өрлеу кезеңін бастаушы. Билігінің алғашқы 10 жылында ішкі саясатқа көп көңіл бөліп, реттеуге тырысты. Қарсыластарының әлсіреуін тиімді пайдаланып, Еділ-Жайық, Сырдария өзендерін өзіне қаратуға тырысты.
ШЫҒАЙ ХАН – Жәнібек ханның немересі. Хақназар ханның сенімді серігі болған. Батырлығы мен даңқы күллі Дешті Қыпшаққа тараған.
ТӘУЕКЕЛ ХАН – Шығай ханның ұлы. Соғыс және ел басқару өнерін жақсы меңгерген. Үлкен жеңістерге қол жеткізді. Ташкент, Самарқан қалаларын өзіне қаратады. Осылайша, Сырдария бойында жеке-дара билік етеді.
ЕСІМ ХАН – Шығай ханның ұлы, Тәуекел ханның бауыры. Тақта екі рет отыруымен ерекшеленеді. Яссы қаласы атауын Түркістан деп өзгертіп, хандықтың орталығына айналдырады. Ескі заңдарды жинақтап, өзгерістер енгізіп, «Есім ханның ескі жолын» жасап шығарады.
ТҰРСЫН ХАН – Есім хан тұсында Ташкентті басқарады. Кейін Бұхара ханымен бірігіп Есім ханды тақтан түсіреді. Осы үшін де тарихта «ант бұзушы» деген атпен есте қалды. Қайта күшейген Есім ханның қолынан қаза табады.
ЖӘНІБЕК ХАН – Есім ханның ұлы. Қазақ-жоңғар соғысы оның тұсында бастау алды.
ЖӘҢГІР ХАН – Жәнібек ханның тұсында жоңғарларға қарсы жинақталған қазақ әскерлеріне қолбасшылық еткен. Тарихта Орбұлақтағы ерлігімен есте қалған. 600 әскермен жоңғардың 50 мыңдық қолына қарсы тұрды. Ел арасында «Салқам Жәңгір» атымен танымал.
ТӘУКЕ ХАН – Салмақ Жәңгірдің ұлы. Жастайынан мемлекет басқарудың түрлі тәсілдерін үйренген. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасатқан. Тарихшылар Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы гүлденгені жайлы жазады және «Алтын ғасыр» деп атайды.
Әз Тәукеден соң Қазақ хандығы ыдырай бастады. Үш жүз өздеріне бөлек-бөлек хан сайлап, бір ту астына топтаса алмады.