Мәдениет... Тамақтану мен дастарханға отыру мәдениеті
- Қазақта таңғы асын ішпей шаруаға аттанбаған. Ең болмағанда бір үзім нан жеп кетуі керек. Асығыс адамның «нан ауыз тиейін», немесе «нан ауыз тисеңізші» деп жататыны да осыдан.
- Қолды жумай дастархан басына отырмайды. Қонақтарға тамақ берердің алдында және соңында үй иесі келгендердің қолына жылы су құйып, қолын шаюына жағдай жасайды.
- Дастархан басында отырғандарды ішіп-жеуге зорламау керек. Әр адам өзіне ұнаған дәмнен жеп, тәбетіне қарай ас ішеді. Бірақ ас ұсыну – жақсы қасиет.
- Тамақ жеуге кірісерде «Бисмилләһ» айтып, дұға оқып, бата беріп бастайды. Ең алдымен бір жапырақ нанды үзіп жеп барып, астан алады.
- Шайды ыстық күйде де, суық күйде де ішпейді. Асқазанға зиян.
- Ыстық тамақты, не шайды суыту үшін үрлеуге болмайды. Сүтті де үрлеп ішпейді. Тамақтың ырысы қашады деседі.
- Тамақ ішіп отырып қақалып қалған жанға «Май қап!» деп арқасынан қағады.
- Үстел басында тамақты, айталық, қолдан пісірілген нанды басқа бір нәрсемен салыстырып, жамандауға болмайды. (Мына нан қатты екен, піспей қалыптығой т.б)
- Тамаққа тойған болсаңыз «Әлхамдулилләһ», «Шүкір, қанағат» айтып үй иесіне рахмет айқан жөн.
- Нанды не тамақты тауысып ішпей қалдырып кетуге болмайды. Соңына дейін тауысып ішкен жөн. Бұл берекені білдіреді.
- Дастарханды, асты аттауға болмайды. Бұл – асты сыйламауды білдіреді.
- Тамақ тұрған үстелге қарай жөтелуге, түшкіруге болмайды. Бұл – мәдениетсіздік.
- Дастарханға отырғандардың бәрі тамақ жеп болмай, үлкендер бата бермей, үстелден тұрып кетуге болмайды.