Сұхбат... Әбу Бәкір Сыддық
Әбу Бәкір Сыддық хазрет пайғамбарлардан кейінгі адамдардың ең үстемі.
Ашәра-и Мубәшшәраның, яғни жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның біріншісі. Пайғамбарымыз алейһиссаламның қайын атасы, хазреті Айшаның әкесі. Хазреті Әбу Бәкірдің Расулуллаһ алейһиссаламға деген таңғажайып адалдығы мен сүйіспеншілігі бар еді. Қайтыс болуына пайғамбарымыздан айырылудың үлкен мұң-қайғысы, уайымы және сағынуы себеп болған. Себебі, Оған деген сүйіспеншілігі мен байланысы сөздермен жеткізіп бере алмайтындай шамада көп. Пайғамбарымыз да оны қатты жақсы көретін еді.
Пайғамбарымыз қайтыс болған күні халифа болып сайланды. Халифалығы 2 жыл, 3 ай, 10 күн жалғасты. 63 жасында хижреттің 13 (григоряндық 634) жылы Жәмазиәл-ахир айының 7-інде, дүйсенбі күні ауырып, 15 күн науқас болып жатқаннан кейін қайтыс болды. Жаназа намазын хазреті Омар оқыды. Пайғамбарымыздың қабірі орналасқан Хужрә-и Саадәтте жерленді.
Хазреті Әбу Бәкір Сыддық тасаууф ілімінің бүкіл жоғары марифеттеріне қауышқан еді. Расулуллаһтың көңіліне аққан фәйздердің, марифеттердің бәрі Оған да берілді.
Хазреті Әбу Бәкірдің үстемдіктері, қасиеттері өте көп. Олардың әрбірі Құран кәрімнің, хадис шәрифтердің және Асхаби кирам мен басқа да дін ғалымдарының хабар беруімен мәлім болды.
Хазреті Әбу Бәкірдің басқа мұсылмандардың ең үстемі болуының себебі – иманға келуде, мал-мүлкінің көбін және жанын пида етуде, әртүрлі қызметте басқалардың алдында болуында еді.
Сүйіспеншілік, байлану көп болса, пайдалану да соншалықты көп болады. Сондықтан хазреті Әбу Бәкір бүкіл сахабалардың ең үстемі болды. Расулуллаһқа байлануы да бәрінен артық еді. «Әбу Бәкірдің үстемдігі намаз бен оразасының көптігінен емес, оның жүрегіндегі бір нәрсенің себебінен» хадис шәрифінде білдірілген нәрсе – Расулуллаһқа деген махаббат (И.Ғазали).