Untitled Document

Сұхбат... «Бисмилләһ» сөзіне құрмет

Бишри Хафидің (рахметуллаһи алейһ) дұрыс жолға түсуі былай болған:

Бір күні мас күйде келе жатып жерден «Бисмилләһир-рахманир-рахим» деген жазуы бар бір қағазды көреді. Бұл жағдайға көңілі разы болмай, жерден алып сүйіп, кейін балшықтарын тазалайды. Тазалап болғаннан соң әдемі иіс сеуіп, үйінің дуалына іліп қояды.

Сол түні ғалым және әулие бір кісіге түсінде «Бишриге барып айт, есімімді тазалағаныңдай мен де сені тазалаймын. Есімімді жоғары көтергенің үшін мен де сені көтеремін. Есімімді әдемі иістендіргенің үшін, мен де сені әдемі етемін. Ұлылығыммен ант етемін сенің есіміңді дүниеде және ахиретте таза және әдемі етемін!» деп бұйырылды.

Бұл түс үш рет қайталанды. Ғалым кісі таңертеңгісін Бишри Хафиді сыраханадан тапты. Өте маңызды хабарым бар деп сыртқа шақырды. Бишри келгенінде «Саған Аллаһу та’аладан хабарым бар» деп айтуымен Бишри егіле жылай бастады. «Маған ашулы ма, қатты азап бере ме?» деді. Түсті тыңдап болғаннан соң достарына бұрылып «Мені шақырып жатыр, бұдан былай мені бұл жерлерде көрмейсіңдер!» деді. Сол жерде тәубе етті. Бұл кезде аяғында аяқ киімі болмағандықтан, кейін де мүлде аяқ киім кимеді. Себебін сұрағандарға «Сөз берген кезімде жалаң аяқ едім, енді қазір киюге ұяламын» деген екен. Аяқ киім кимегені үшін «Жалаң аяқ» деген мағынада «Хафи» деп аталып кетті. Бишри Хафи хазірет өмірінің қалған бөлігін ілім үйрену және үйретуменен өткізді.

Сұхбат...Мұсылманның үш қасиеті

Хазреті Муаз бин Яхия былай деген: «Мұсылманда мына үш қасиет бар болса, ол жақсы адам саналады:

  • Мұсылман бауырына пайдасы болмаса да зиянын тигізбеу.
  • Оның қуанышына ортақ бола алмаса да, оған қайғы әкелмеу.

Оны мақтамаса және жақсылықтарын айтпаса да, оны жамандамау.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30