Untitled Document

Сұхбат... Қасиетті үш ай (2)

Шабан айы: Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Шабан сондай құнды ай, адамдар одан хабарсыз болады. Бұл айда амалдар әлемдердің Раббысына ұсынылады. Мен де амалымның ораза тұтқан кезімде ұсынылғанын қалаймын» (Нәсаи).

 «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Шабан айында ұсталған ораза» (Тирмизи).

«Шабан айында үш күн ораза тұтқан адамға Хақ та'ала жәннатта бір орын дайындайды» (Әйухәл уәләд ілімхалы).

 

Рамазан айы:  Хадис шәрифте былай делінген:

«Рамазан – мүбәрәк ай. Аллаһу та'ала сендерге Рамазан оразасын парыз етті. Ол айда рахмет (мейірім) есіктері ашылады, тозақ есіктері жабылады, шайтандар байланады. Ол айда мың айдан да құнды түн бар. Ол түннің (Қадір түнінің) жақсылығынан мақұрым қалған адам бар жақсылықтан мақұрым қалған болып саналады» (Нәсаи).

 

Сұрақ: «Ражаб айының басында, ортасында және соңында бір күннен ораза тұтқан адамға Ражаб айын толық ұстағандай сауап беріледі» делінеді. Басы 1-і, ортасы 15-і, соңы 30-ы дегені ме?

Жауап: Жоқ. Басында дегені – айдың алғашқы күндері деген сөз. Ортасы – айдың ортасындағы күндер, ал соңы – айдың соңғы күндері дегенді білдіреді.

Құрметті оқырман!

     Күнтізбе беттерінде Құран кәрім аяттары, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалардың есімдері мен тәбәрік атаулар бар болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30