Untitled Document

Сұхбат... Бидғат деген не? (2)

Мазһабсыздар бұл бидғаттарын «Құран және сүннеттің жолымен жүру» деген ұрандардың астына жасырғысы келеді. Хижри IV ғасырдан кейін Құран және сүннеттен тікелей үкім шығара алатын мүжтаһид ғалымның жетіліп шықпағанын бүкіл ислам ғұламалары бір ауыздан айтқан. Осыған қарамай бұл дәуірде кейбір шетелдік қараңғы күштердің ықпалында қалған тәкәппар жастардың өздерін мүжтаһид орнына қойып, 12 ғасырлық ислам ғалымдарын бір шетке сыпырып тастап, тікелей Құранға жабысуларын көрудеміз.

Хазреті Имам Раббани былай дейді:

«Әһли бидғат (бидғатшы) жасаған өзгерістерімен дінді дұрыстағанын, жақсартқанын, жетілдіргенін ойлап бидғат шығарады және бидғаттарының қараңғылығымен сүннеттің нұрын жабуға тырысады. Бұлар діннің кемшіліктерін толықтырғанын алға тартуда. Дін нұқсан, кем болып келмеді, кәміл, толық болып келді. Дінді кем деп ойлап толықтыруға (заманға сәйкестендіруге, түрлі бидғаттар шығаруға) тырысу, «Маида» сүресінің «Бүгін сендер үшін діндеріңді кәміл еттім. Сендерге берген нығметімді толықтырдым және сендерге дін ретінде Исламды берумен разы болдым» деген үш аятына сенбеушілік болады (М.260).  

Иманда бидғат деп иман ілімдеріне, яғни сенілуі керек болған мәселелерге жаңа (жалған) сенімдер енгізу немесе сенілуі керек болған нәрселердің кейбіреуін жоққа шығару деген сөз. Иманда бидғат істеген адам кәпір болады.

Мәселен, Аллаһу та’ала аспанда немесе Аршта отыр деу иманда бидғат болып табылады, бұл күпірге себеп болады. Өйткені, әһли сүннет ғұламаларының иманның алты шартын ашықтаған кітаптарында «Аллаһу та’аланың затында, сипатында, істерінде мекенге мұқтаж емес. Материя, мекен жоқ кезде де Ол бар болатын. Материя мен мекенді Ол жаратты» делінеді. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30