Сұхбат... Намаздан кейінгі дұға және тәсбих
Сұрақ: Намаз біткеннен кейін не айтылады?
Жауап: Намазын жалғыз немесе имаммен оқыған адам екі жаққа сәлем бергеннен кейін «Аллаһуммә әнтәс-сәләм уа минкәс-сәләм, тәбарактә иә зәл-жәләли уәл-икрам» деп айтады.
Кейін 3 рет «Әстағфируллаh әл-азыйм әлләзи лә илаhә илләhу әлхәййул-қаййумә уә әтубу иләйh» деп айтады. Бұған истиғфар дұғасы делінеді.
Одан кейін Аят-әл-курси оқылады және артынан 33 рет «Субханаллаh», 33 рет «Әлхамдулилләh», 33 рет «Аллаhу әкбәр», және 1 рет «Лә илаhә иллаллаһу уахдәhу лә шәрикә ләh ләhул-мулку уә ләhул-хамду уә hуә алә кулли шәйин қадир» деп айтылады. Бұлардың арасына басқа дұғаларды араластыру – бидғат.
Кейін қол жайылып дұға етіледі. Дұғадан кейін «Әмин» деп қолдарымен бетін сипайды. Хадис шәрифте: «Бес уақыт парыз намаздарынан кейін жасалған дұға қабыл болады» делінген.
«Бамдат және ақшам намаздарынан кейін Ихлас сүресін 11 рет оқыған адамға жәннатта зәулім сарай беріледі» (Хараити).
«Әр намаздан кейін 3 рет «Әстәғфируллаh әл-азыйм әлләзи лә илаһә иллә hу әл-hәййәл-қәййумә уә әтубу иләйh» деп айтқан адамның бүкіл күнәлары кешіріледі» (Мәрақил-фәлаh).
«Әмин» деп айту жөніндегі төрт хадис шәриф:
«Бір жамағат дұға еткен кезде бір бөлігі әмин деп айтса, Аллаhу та’ала сол дұғаны қабыл етеді» (Хаким).
«Дұға еткен адам мен әмин деп айтқан адамдардың сауаптары бірдей болады» (Дәйләми).
«Имам дұға еткенде жамағатқа да дұға етуі керек. Дұға етпесе оларға қиянат еткен болады» (Бәйһақи).
«Имам әмин деген кезде сендер де әмин деңдер. Өйткені біреудің әмин дегені періштелердің әмин дегеніне сай келсе, оның өткен күнәларының барлығы кешіріледі» (Бұхари).