Тұлға... ІІ Абдулхамид ханның еңбектері
٭ Үндістан, Ява аралы, Ауғанстан, Қытай, Малайзия, Индонезия, Ачех, Зангибар, Орталық Азия және Жапонияға елші және дін адамдарын жіберді.
٭ Дүниеде алғаш тіс дәрігерлік оқу орнын ашты.
٭ Парижде Ислам медресесін құрды.
٭ Қытайға қарсы ұйғыр-дұнғандарға жіберген әскерлерімен Орталық Азия мұсылмандарын көтерді.
٭ Құдыс-Яффа, Анкара-Стамбұл-Хижаз темір жолдарын салғызды.
٭ Ілгері технологиялық баспа апараттарын алғызды, тегін кітаптар бастырып таратты, 6 000 кітаптың аударылуын қамтамасыз етті.
٭ Баязид кітапханасын құрып 10 000-ы қолжазбалы кітаптар болған 30 000 кітап берді.
٭ Алғаш рет Стамбұлға электр тогы және газ әкелді.
٭ Дүниедегі алғаш торпеда ататын суасты кемесін өз ақшасымен жасатты.
٭ Кедей халыққа өз қалтасынан төлеп көмір таратты.
٭ Яловада ыстық су сауықтыру кешенін жасатты.
٭ Теркос суын Стамбұлға әкелді.
٭ Алғаш заманауи дәріхана аштырды.
٭ Ислам әлеміне алғаш автокөлікті алдырды және 5 мың км асфальт жол салдырды.
٭ Алғаш метроны жасатты, атты және электрлі трамвайлар жүргізді.
٭ Археологиялық музей ашты.
٭ Алғаш құтыру ауруын емдейтін (Стамбұл дарул кәлб) емханасын ашты.
٭ Әйелдерге әскерлер үшін киім тіктірді, жаралы әскерлер үшін тікелей өз қолымен балдақтар жасады.
٭ Мидилли аралын жұбайы Фатима ханымның ақшасымен француздардан кері сатып алды.
٭ «Йылдыз Чини», «Бейкоз» және «Кагытхане» фабрикаларын құрды.
٭ Балаларды жалпылық сүннетке отырғызып, әр балаға жарты алтыннан жіберді.
٭ Табысының бір бөлігін әр жылы қарызданып қамауға алынған адамдардың құтылуына жұмсайтын.
٭ Жыл сайын 30 000 құты сатып алып гүл ектіретін.
٭ Тек Анадолының өзінде 14 000 мешіт және мектеп аштырды.